9) «Заңды білу – заман талабы»: Шымкентте жастарға арналған дөңгелек үстел өтті
«Заңды білу – заман талабы»: Шымкентте жастарға арналған дөңгелек үстел өтті
Шымкент университетінде құқықтық сауаттылықты арттыру және жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Заңды білу – заман талабы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Заңғарбек Усупахметов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Марат Спатаев, Қаратау ауданы прокурорының орынбасары Ерлан Сәдібеков, Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокуратурасының прокуроры Дінислам Әлжан, Шымкент қаласы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Дәурен Тұрғынбай және Шымкент университетінің ректоры Нұрлыбек Сейтқұлов қатысты.
Дөңгелек үстел барысында спикерлер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Дәурен Тұрғынбай жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың көбінесе құқықтық сауаттың төмендігімен байланысты екенін атап өтіп, жастарды заңды дұрыс түсінуге және оған құрметпен қарауға үйретудің қажеттілігін айтты. Сондай-ақ, шарада мамандар жастарды жаңа психоактивті заттар мен интернет алаяқтық сияқты заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырып, осы мәселелер бойынша нақты мәліметтер берді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, құқықтық кеңес алды. Жастар арасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жолдары, заңнамалық өзгерістер мен жаңа бастамалар да талқыланды. Қатысушылар құқықтық білім беру жұмыстарын жалғастырып, жастардың белсенділігі мен саналы азаматтық ұстанымының маңыздылығын атап өтті. Мамандар алдағы уақытта да ауқымды шараларды ұйымдастырып, студенттердің заңға деген қызығушылығын арттыруға ниетті екендерін білдірді.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкент университетінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті
18 Қараша 2023, Сенбі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ
Комментарии (0)