Байланысқа арналған телефондар:
» » Балқаш жағалауы жаңа туристік орталыққа айналмақ!

Балқаш жағалауы жаңа туристік орталыққа айналмақ!

27 Қараша 2026, Жұма
57
0
 
Жетісу облысында Балқаш көлінің жағалауын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылысы жоспарланған үш коммуналдық жағажайдың алғашқысы аяқталды, екіншісінде құрылыс жалғасуда.

Жаңа жағажайда 500 орындық автотұрақ, сауда және қоғамдық тамақтану орындары, балалар ойын алаңдары, медициналық пункт, құтқару мұнаралары және демалушыларға қажетті барлық жағдай қарастырылған.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев құрылыс барысымен танысып, жағажайлардың қолжетімді, жайлы әрі қауіпсіз болуын тапсырды.

Алдағы уақытта екінші жағажай пайдалануға беріліп, үшіншісінің құрылысы басталады. Жоба туризмді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға серпін бермек.

🏖️ Балқаш жағалауы туристер үшін тартымды демалыс орнына айналуға дайын!
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать