2025 ЖЫЛҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ
Шымкент қаласында ағымдағы жылы білім беру нысандарының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылыс басқармасының мәліметінше, 17 білім нысанының құрылысы жоспарланған. Олардың ішінде жаңа құрылыс нысандары – 7, оның ішінде бірнеше мектептерге қосымша ғимараттар мен жаңа білім ошақтары бар.Жаңа құрылыс нысандары:
– №19, №16, №50 мектептерге қосымша ғимараттар;
– Тельман шағын ауданында 1200 орындық мектеп;
– Тұран шағынауданында 500 орындық екі оқушылар сарайы;
– С.Рахимов атындағы мектеп;
– Сайрам колледжі жатақханасының құрылысы.
Тұран шағынауданының оқушылар сарайы ағымдағы жылдың ақпан айында 500 орынға арналған құрылыс аяқталып, пайдалануға берілді. Ал қалған 5 нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілуі жоспарлануда. Бұлар: №19 және №50 мектептерге қосымша ғимараттар, Тельмандағы 1200 орындық мектеп, С.Рахимов атындағы мектеп, Сайрам колледжінің жатақханасы. Сонымен қатар, №16 мектепке қосымша ғимараттың құрылысы 2026 жылға өтпелі.
Қаладағы 10 мектеп пен балабақшаның ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстары да жоспарланған. Қазіргі таңда 9 мектептің күрделі жөндеуі аяқталып, жаңа оқу жылына толық дайын. Бұл мектептер:
– №10, 26, 13, 9, 99, 75, 108, 1, 109 мектептер.
Ал «Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернат» мектебінің күрделі жөндеуі ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталатын болады.
Шымкент қаласындағы білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс пен жөндеу жұмыстары қалада білім сапасын арттыруға, мектептер мен оқу орындарындағы орын тапшылығын шешуге бағытталған.
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМА
04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
ПРЕСС-РЕЛИЗ
04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады
03 Желтоқсан 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
21 Тамыз 2025, Бейсенбі
Шымкентте соңғы екі жылда 39 жаңа мектеп бой көтеріп, апатты және үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді.
06 Қантар 2025, Дүйсенбі
Түркістан облысында құрылыс нысандарына 130 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
28 Желтоқсан 2023, Бейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 18 БІЛІМ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Комментарии (0)



