Шымкенттегі Тоныкөк көшесі

▫️Аудандағы көптеген атауы жоқ көшелерге 2022-2023ж.ж. «Тарихи тұлғалар» атауы берілген болатын.
▫️Алайда, тұрғындар тарапынан үнемі атауларды тікелей аударма арқылы түсіну мәселелері орын алып жатады.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
📌«ТОНЫКӨК»
▫️Оғыз тайпасынан шыққан. Заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болған. 683 жылы Құтылықпен бірігіп, табғаштарға қарсы көтеріліске шығады. Көтерілісшілер жеңістен жеңіске жетіп, ұзамай әйгілі Екінші Шығыс Түркі қағанатының шаңырағын көтереді. Құтылығты «Ел төресі» деген атпен қаған етіп сайлайды.
▫️Құтылығ қаған өлгеннен кейін қаған болған інісі Қапағанға да сенімді серік, білікті ақылшы болып, адал қызмет етеді. Қапаған қарамағындағыларға аяусыз қатыгездікпен қарайды, сондықтан тайпа көсемдері қағанына өкпелеп, жырыла көшпекке қам жасайды. Қағанат құлауға айналады. Күлтегін батыр Қапаған қағанның бүкіл ұрпағын қырып тастап, ағасы Могилиәнді (Білге қаған) қаған тағына отырғызды. Таққа отырған Могилиән Тоныкөктің көрегендік ақылымен тұс-тұстан анталаған жауының бәрін жеңіп, құлауға айналған қағанатты қалпына келтіреді.
▫️Білге Тоныкөк өзінің бағасын, тарихтағы орнын өзі қашатып, жаздырып кетті. Тарихшылардың айтуына қарағанда, ол 741 жылдың шамасында 95 жасқа жетіп қайтыс болған.
Ақпарат көзі: qaratau_akimdigi
Обсудить
Похожие материалы:

11 Қырқүйек 2023, Дүйсенбі
Қаратау ауданы: Қайтпас елдімекеннің көшелері биыл 100 пайыз асфальтталады
Комментарии (0)