Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу

Еңбекші ауданы әкімі аппараты мамандарының ұйымдастыруымен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, №127 және №34 мектеп оқушыларына кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықты алдын алу, отбасылық зорлық-зомбылық, нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-қимыл тәсілдері жөнінде кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Шымкент қаласының психикалық орталығының нарколог-дәрігері мен Шымкент қаласы дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы қатысып, салаларына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Другие статьи:
Ұлттық кітап күні: Астананың білім ордаларында «8 минуттық оқу» жобасы жүзеге асырылып келеді
24 Сәуір 2025, Бейсенбі
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Сонымен қатар, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты спорт мектептерінің жаттықтырушылары мен №19 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің жаттықтырушысы, үстел теннисінен ҚР 15 дүркін чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері Ешимов Туймурат Моминжанұлы сияқты спортшымыз өз тәжірбиесімен бөлісіп, балаларды спортпен шұғылдануға шақырды.
Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасын күшейтуді атап өтті. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. Құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру қоғамның құқықтық тәрбиесіне тікелей байланысты. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық тұрғыдан сауатты мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері.
Ақпарат көзі: @akimat_shymkent
@esilbek_dosbol
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)