Түркістан облысы. Сыбайлас жемқорлықтың мақсаты — жеке немесе топтық мүдделерге жету үшін билік пен қызметті заңсыз пайдалану.
Қазақстандағы пара алу мәселесі қоғамда кеңінен талқыланып, мемлекет үшін үлкен кедергі ретінде қарастырылады. Сыбайлас жемқорлықтың мақсаты — жеке немесе топтық мүдделерге жету үшін билік пен қызметті заңсыз пайдалану. Көп жағдайда пара немесе заңсыз келісімдер арқылы материалдық табысқа жету жемқорлықтың басты мақсаты болып табылады. Жеке тұлғалар немесе топтар өз мүдделерін көздеп, бюджеттік қаражатты, гранттарды немесе мемлекеттік ресурстарды иемденуге тырысады. Көптеген адамдар пара беру арқылы заңды талаптарды айналып өтуді немесе өздеріне жеңілдік алуды көздейді. Пара алу тек мемлекеттік қызметтер саласында ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау, және құқық қорғау жүйелерінде де жиі кездеседі. Бұл тек заңсыз әрекеттер мен қаржылық шығынға ғана әкелмейді, сонымен қатар азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін төмендетеді және қоғамдағы әділдікке қатысты түсінікті бұзады. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы жемқорлықтың алдын алуға болады.
Қазақстанда парақорлыққа қарсы күрес мақсатында бірқатар шаралар қабылданған. Мәселен, 2015 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пара алу мен беру фактілерін анықтау, тергеу және жазалау жұмыстарын белсенді жүргізуде. Сонымен қатар, «электрондық үкімет» платформасы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процестерін цифрландыру қолға алынды. Бұл жүйе адамның араласуын азайтып, мемлекеттік қызметтерді алу барысында парақорлық тәуекелін төмендетуге көмектеседі.
Тағы бір тиімді әдіс — мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру және олардың табыстары мен шығындарын ашық көрсетуді талап ету. Сонымен қатар, заңнамалық деңгейде парақорлықпен күрес күшейтіліп, бұл заң бұзушылықтар үшін қатаң жаза қарастырылған.
Парақорлықтың алдын алу тек мемлекеттік мекемелердің жауапкершілігі ғана емес, азаматтық қоғамның да қатысуын талап етеді. Халық арасында құқықтық мәдениетті арттыру, жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру арқылы бұл мәселені азайтуға болады. Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу үшін барлық қоғам мүшелерінің бірлесе әрекет етуі қажет, ал билік құрылымдары мен құқық қорғау органдарының ашық әрі әділ жұмыс істеуі негізгі фактор болып табылады. Сондықтан осының барлығын алдын алу мен бақылауға алу — маңызды міндет болып табылады.
Менің ойымша жоғары билік басында отырған азаматтарымыз үлгі болып, өзінің жеке басының қамын емес, мемлекеттің ісін өзіне берілген аманат іс секілді қарап өз жұмыстарын белсенді атқарып қоғамға жақсы жағынан пайдасын тизгізсе деймін.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
07 Қараша 2024, Бейсенбі
Түркістан облысы. Мемлекеттегі сыбайлас жемқорлықпен күресу – бұл тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.
Комментарии (0)