Қала туризмін дамытудағы басты, бағыттардың бірі – оқиғалы туризм

Шымкент қаласына туристер келетін ең көп уақыты ол наурыз айы болып табылады. Жылдың 4 мезгіліне арналған «Наурыз Шымкенттен басталады», «Damdastour», Шымкент марафон, Қошқар ата сейілі, қала күні мерекесі секілді тұрақты іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.
«Біз қала туризмін дамытудағы басты бағыттардың бірі ретінде – оқиғалы туризмді дамытуды қолға алып отырмыз. Іскерлік туризм бағытын дамыту бойынша түрлі салааралық халықаралық форумдар, тақырыптық жәрмеңкелер, конференциялар, бизнес өкілдерінің коммерциялық шаралары және съездер өтетін болады. Аталған іс-шаралар қазіргі таңда тұрақты түрде жыл бойына өтуде.»-деді спикер.
Другие статьи:
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Осыған орай, бұл бағыттар бойынша ұзақтығы 1, 2 және 3 күнді қамтитын турлар әзірленіп, туристерге ұсынылуда. Көрсетілген турпакеттерге Шымкент, Түркістан, Сауран, Отырар қалаларының бірқатар тарихи туристік нысандары енгізілген.
Одан бөлек, Ақсу-Жабағылы қорығына, Сырдария-Түркістан және Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркіне арналған турлар бар және туристік бизнес өкілдіктерімен бірге жаңа турлар қалыптастырылуда.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)