Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент қаласының бүкіл оңтүстік өңірі үшін туристік орталыққа айналуына барлық мүмкіндігі бар

Шымкент қаласының бүкіл оңтүстік өңірі үшін туристік орталыққа айналуына барлық мүмкіндігі бар

07 Қараша 2023, Сейсенбі
3 051
0
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте  Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Нұрымбетов айтты. 
Бүгінде еліміздің үшінші мегаполисінің туристік әлеуеті өте жоғары. Өзінің    дамыған инфрақұрылымы арқылы Қырғызстанды, Өзбекстанды және Қазақстанның басқа өңірлерін байланыстыратын ірі торапқа айналған.   
Шымкент қаласынан 700 км. радиуста  Ташкент, Бішкек, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Алматы қалалары орналасқан. Шамамен 20 миллионға жуық адам тұрады. Бұл қашықтықты автокөлікпен бір күнде, әуе көлігімен 2-3 сағатта жүріп өтуге болады екен.
«Шымкенттің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалана отырып, бүкіл оңтүстік өңірі үшін туристік тірек орталығына айналуына барлық мүмкіндіктері бар. Бүгінде қала аумағында 144 орналастыру орны,  25 әлеуметтік және мәдени нысан, 23 демалыс орны, 69 спорт орталықтары, 10 саябақ, 7 республикалық сакралды нысан, 3 326 тамақтану орындары, 150-ден астам туристік нысандар орналасқан», –  деді Азамат Нұрымбетов.
Шымкент қаласының туристік нысандарына Түркістан облысымен салыстырмалы түрде анализ жүргізіледі. Оңтүстіктің туризмі – Шымкент қаласынан бастау алса, туристеріміз осы жерден саяхатын бастай алады. Бұдан бөлек жақын өңірлерге де барады.
Бүгінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысында заманауи брендтегі қонақ үйлер, бутик отельдер мен хостелдер туристерге қызмет жасайды. 
Шымкент қаласында сыйымдылығы 5 955-ті құрайтын 144 орналастыру орны болса, Түркістан облысында 9 378-ды құрайтын 220 орналастыру орны бар.  
Сонымен қатар, қала аумағында 3 326 мейрамхана мен тамақтану орыны болса, Түркістан облысы аумағында 5 076 орынды құрайды. 
Туризмді дамытудағы басты талаптардың бірі – көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте, қаланың әуе қақпасының өткізу қабілеті жылына 1 млн. 728 мың адамды, ал ай сайынғы әуе қатынас саны 570 рейсті құрайды. Бүгінде қала әуежайында 14 жаңа рейс ашылды. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан бағытында: Қостанай-Павлодар; Батыс Қазақстан бағытында: Атырау, Ақтөбе, Ақтау; Шығыс Қазақстан бағытында: Өскемен, Семей; Орталық Қазақстан бағытында: Жезқазған, Қарағанды. 
Сондай-ақ, Шымкент қаласынан Джидда, Медина, Дубай, Пхукет бағыттары бойынша чартерлік рейстер орындалады. 
Қазіргі таңда өткізу қабілеті жылына 1 млн. 440 мың адамды қамтитын теміржол арқылы Қазақстанның 10 қаласына бағыттар қатынаса, жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 3 247 шақырымнан  асады.
Бұл туралы толық ақпаратты  ютуб әлеуметтік желісіндегі парақшамыздан   https://www.youtube.com/watch?v=kGgR443lChY&t=50s
 сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы 
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать