Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Сәрсен Абайұлы Құранбек Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Сәрсен Абайұлы 1976 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін, Қазақтың спорт және туризм академиясын және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін философия пәнінің, дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, каратэ жаттықтырушысы, құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы Алматы қаласындағы «№ 4 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жаттықтырушы-оқытушысы болып бастаған.
2003–2023 жылдар аралығында жеке секторда және орталық мемлекеттік органдарда жауапты басшылық қызметтер атқарған.
2023 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымын атқарды.
Қала басшылығының жаңа тұлғалары қаланың экономикалық және әлеуметтік өсуіне үлкен серпін бере алады. Осы орайда Сәрсен Абайұлы Құранбекті құттықтап, жаңа бастамасына сәттілік тілейміз. Тұрғындармен тығыз жұмыс жасау тұрғындардың қала әкімі аппаратымен оң позициясын нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз. Алдағы уақытта қаланың жаңа тұлғаларының қатысуымен бұдан да жақсы жаңалықтарды көруге қуанышты боламыз - international.kz редакторы Шер-Али Шерибетов
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жылу жүйесі жаңарады: ЭКСЖ ұлттық жобасы қалаға жаңа леп әкеледі
31 Қазан 2026, Сенбі
Тұран шағынауданында тұрғындардың арманы шындыққа айналды: жаңа аллея пайдалануға берілді
31 Қазан 2026, Сенбі
Газ қауіпсіздігі — өмір қауіпсіздігі: «QazaqGaz Aimaq» тұрғындармен тілдесті
31 Қазан 2026, Сенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






