Байланысқа арналған телефондар:
» » Боксер Туризм министрі болды

Боксер Туризм министрі болды

02 сентябрь 2023, Суббота
2 509
0
Мемлекет басшысының Жарлығымен Маржықпаев Ермек Боранбайұлы Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалды, ол бұрын атқарған қызметінен босатылды.

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев 29.08.1969 ж.т. – мемлекеттік қайраткер. Бокстан спорт шебері.

Білімі: Целиноград Мемлекеттік Университетін 1994 ж тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Сосын 2001 жылы заңгер мамандығы бойыншада диплом алды. Көкшетау Мемлекеттік Университетін 2009 ж қаржыгер бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 

  • Целиноград қаласындағы мектептерде бокстан жаттықтырушы (1991–93).
  • «Шонай» шағын кәсіпкерорнының директоры (1992-1995).
  • «Береке-Бурабай» ЖШС-нің бас директоры (1995–2008).
  • Аршалы ауданының әкімі (2008-2012).
  • Зеренді ауданының әкімі (2012-2013).
  • Ақмола облысы әкімінің орынбасары (2013-2014).
  • Көкшетау қаласының әкімі (2015-2019).
  • Ақмола облысының әкімі 2019 жылғы наурыздан
Жұмыс уақытымен университеттердегіоқу уақыттары бір кезге түскеніне қарағанда тек "заочно" оқығанба деп қалдым

Тілші: Бахытжан Копбаев 

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать