ҰЛТ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ТАРИХИ ШЕШІМДЕР ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҚАБЫЛДАНАДЫ

Міне, осындай сындарлы қоғамдық диалогты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2022 жылдың 14 маусымында Ұлттық құрылтай құрылды. Ол ҚР Президентінің жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесіне ие болды. Оның басты міндеті ашық қоғамдық диалогтың институтционалды моделін қалыптастыру болатын.
Менің ойымша, бұған дейінгі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіндегі пікірталастардың тақырыбы негізінен ағымдағы әлеуметтік-экономикалық проблемалар және саяси реформалар мәселесі болса, ал, Ұлттық құрылтайда талқылау тақырыбы жалпыұлттық құндылықтар негізінде қоғамның бірлігін бекемдеу және мемлекетті одан ары дамытуға қатысты ұзақмерзімді сипаттағы мәселелер болып отыр.
Ұлттық құрылтай билік пен халық арасындағы байланыстырушы буын ретінде қызмет атқара отырып, ұлтты біріктіре түсетін тың әрі рационалды идеяларды талқылайтын алаңға айналып келеді. Сондай-ақ, Ұлттық құрылтай барлық өңірлердегі Қоғамдық кеңестерді өзінің маңына топтастыра отырып, аталған ұйымдардың орнықты түрде дамуына да ықпал етіп келеді. Құрылғанына ұзақ уақыт өтпесе де ол азаматтық қоғам өкілдері, үкіметтік емес сектор, саяси партиялар мен мемлекеттік органдар арасында конструктивті диалог орнауына ықпал етіп, бүкіл қоғамның ұлттық құндылықтар арқылы бірігуіне елеулі ықпалын тигізе бастады.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Ұлттық Құрылтайдың екінші отырысы исі қазаққа қастерлі шаһар Түркістанда өтіп, онда мемлекеттік нышандарды жетілдіру, ұлттық сананы жаңғырут, жас ұрпақтың тәрбиесін жетілдіру, еңбек адамының мәртебесін көтеру мен мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру секілді мәселелер сөз болды.
Қорыта айтқанда, Ұлттық құрылтай - ел дамуына қатысты келелі мәселелер талқыланып, ұлттың болашағын айқындайтын тағдырлы шешімдер қабылданатын кеңеске айналып келеді.
Бауыржан ӘЛТЕЕВ,
Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Похожие материалы:

01 Қырқүйек 2023, Жұма
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті

01 Қырқүйек 2023, Жұма
Күрделі тапсырмаларды орындау үшін біздің бірлігіміз күшті және біртұтас болуы керек - Бақыт Бекназаров

01 Қырқүйек 2023, Жұма
Жолдауда айтылған міндеттерді орындау барлығымыздың азаматтық борышымыз болып табылады - Динара Нышанқызы

01 Қырқүйек 2023, Жұма
КҮРДЕЛІ МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУ ҮШІН БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ, ЫНТЫМАҒЫМЫЗ БЕРІК БОЛУЫ ТИІС
Комментарии (0)