ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «ТАССАЙ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«Тассай» – Шымкенттегі қазір жұмыс істеп тұрған 5 өнеркәсіптік аймақтың бірі. 2016 жылы негізі қаланған индустриалды аймақтың аумағы 89 гектарды құрайды. Онда бүгінде 43 инвестициялық жоба сәтті жүзеге асырылып, кәсіпорындар жұмыс істеп тұр.
«Тассай» индустриалды аймағының аумағын инженерлік-инфрақұрылым желілерімен қамту бойынша ІІ кезеңнің құрылысы жүріп жатыр. Атап айтқанда, су, электр, кәріз, газ жүйелері тартылып, жаңадан пайда болатын кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасалуда. Өндірістік кестеге сәйкес II кезеңдегі құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Айта кетейік, жыл соңына дейін «Тассай» индустриалды аймағында 6 инвестициялы жоба жүзеге асып, жаңа кәсіпорындар іске қосылады. Бұл жобалар 150-ге жуық адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Қала әкімінің нәтижелі жұмысы тұрғындарға оң әсерін тигізуде. Айта кету керек, ірі жобалар ұзаққа созылады және бұл жақын арада шешіледі деп үміттенеміз
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)