ШЫМКЕНТ: «QAZSCIENCE» ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ СЛЕТІ – ЖАҢА ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТЕРГЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРУ

«Ғылым мен бизнестің интеграциясы: өңірлік индустриялардың өсу жолы», «Технологиядағы инновация: жас ғалымдар үшін перспективалар мен міндеттер» және «Ғылыми революция майданындағы жас ғалымдар: ашылулар, қиындықтар, перспективалар» тақырыбы кеңінен талқыға түскен жиынның негізі мақсаттарының бірі жаңа ғылыми ізденістерге қолдау білдіру.
Бұдан басқа іс-шара аясында ғылымды дәріптеуге арналған бастамалардың тұсауы кесіліп, ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Сондай-ақ, түрлі секцияда ғылымның басым бағыттары бойынша арнайы семинар мен пікір алмасу өтті.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз конференциясында бірқатар ғалымдар «QazScience: жас ғалымдар СЛЕТі» ғылыми іс-шарасының мақсат-міндеттері туралы айтты.
Другие статьи:
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
«QazScience» жас ғалымдарының СЛЕТІнен күтер үмітіміз көп. Біз барлық өңірлерді араладық, барлық өңірлердің өндірістік, ғылыми әлеуетімен таныстық. Ендігі біздің мақсат: сол ғалымдарды бір-бірімен байланыстырып, коллаборация жасау. Жас ғалымдарды сөз жүзінде ғана қолдамай, олардың жаңа ізденістеріне қолдау білдіру», екендігін атап өткен Астана IT университетінің ғалымы Нұрхат Қуандықұлы Жакиев, жас ғалымдарды цифрландыру саласына шақырды.
«QazScience» жас ғалымдарының СЛЕТІнің пайдасына келер болсақ, біз нақты жүз жобаны алып келдік. Сол жобаларды ЖОО басышыларына және облыс әкімдеріне аймақтық ғылымды дамыту үшін арнайы жолдадық. Бұл аймақтағы мәселелерді шешіп, байланыс орнатуға өз пайдасын тигізеді. Өңірлердегі ғылымның әлеуеті өте жақсы. Мәселен Қызылордадан Абпазов Нұрбол деген жас ғалым бар, мемлекеттік жобаларға қатысып, жақсы нәтиеже көрсетіп жүр. Сонымен қатар, Шымкент қаласынан Жакипбаев Бибол деген жас ғалым нақты салалармен айналысып, жақсы нәтиежде көрсетіп жүр. Соныдықтан оңтүстіктің ғалымдарының ғылымдағы әлеуеті өте жоғары деп айта аламыз», - деді ҚР Президент жанындағы ҰҒА бас сарапшысы Сейітов Рашид Қызырбекұлы.
Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Тілші: Азамат Алимбетов
Обсудить
Похожие материалы:

18 Қараша 2023, Сенбі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ
Комментарии (0)