ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ АРТУЫ – САЛАЛЫҚ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ

Жергілікті деңгейде үстіміздегі жылы жалақысы 100 мың теңгеден асқан 16 мыңнан астам аз қамтылған бюджеттік қызметкерге үстемақы қарастырылған. Нәтижесінде облыс бойынша орташа жалақы 17 пайызға өсіп, 270 355 теңгені құрады (орташа жалақы 215 906 теңге, өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға өсті).
Шымкентте жұмыссыздық деңгейін төмендету және тұрғындардың табысын арттыру мақсатында негізгі үш бағыт бойынша салалық жұмыстар жүргізілуде. Біріншісі – жаңа жұмыс орындарын ашу, екіншісі – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, үшіншісі – еңбек ресурстарының біліктілігін арттыру және жастарға кәсіптік бағдар беру.
Бұл шаралар өз кезегінде ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыс алатын халықтың үлес салмағын азайтуды және жұмыссыздық деңгейін төмендетуді көздейді.
Ал әлеуметтік сала қай елде де өзекті салалардың бірі. Бұл бағытта Шымкентте де ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Айта кетерлігі, ел Президенті халықтың табысын арттырудың ерекше маңыздылығына тоқталып, үкіметке бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырған болатын.
Шымкентте де азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде, өйткені қала халқының өсуіне байланысты баспанаға деген қажеттілік те артып келеді.
Қазіргі таңда қалада тұрғын үйге сұраныс күн санап артып келеді. Бүгінде қалада 51 мыңнан астам адам әлеуметтік баспана кезегінде, 175 мыңға жуық азамат несиелік баспана кезегінде тұр.
Бұл мәселені шешу үшін қалада 4 мың пәтерлік 100 әлеуметтік тұрғын үй салынуда.
1000-нан астам пәтер жұмыс істейтін жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Шымкент қаласының 201 тұрғынына 1 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаты тегін берілді.
Сондай-ақ, облыстық «Қамқор» тұрғын үй бағдарламасы аясында 150 отбасы жеңілдетілген несие алады.
Жалпы, жыл соңына дейін 1075 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Обсудить
Похожие материалы:

11 Желтоқсан 2023, Дүйсенбі
ШЫМКЕНТТЕ 8 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Комментарии (0)