Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асырылуда

Түркістан облысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асырылуда

29 Қантар 2025, Сәрсенбі
8
0
Түркістан облысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асырылуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Түркістан облысында тұрғындардың мәселелерін тыңдау және оларды шешу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Осы тұжырымдаманы іске асыру мақсатында облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев «Ашық әкімдік» кеңсесінде тұрғындарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері тыңдалып, жауапты тұлғалармен бірге мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Кездесуге келген тұрғындар негізінен тұрғын үй және жұмыс мәселелерін көтерді. Мәселен, қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру мәселесін қозғаған азаматшаға заң талаптарына сәйкес баспананы жекешелендіруге мүмкіндік бар екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, көпбалалы ана жұмыс орнын ауыстыру және жұмыс уақытын өзгертуді сұрады. Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытын қысқарту мүмкін еместігі ескертілсе де, жұмыс орнын ауыстыру бойынша өтініші қанағаттандырылды.

Еркебұлан Дауылбаев қабылдау барысында жауапты тұлғаларға тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескерусіз қалдырмауды тапсырды. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің шешілуі қатаң бақылауда болатынын атап өтті.

Бұл бастама жергілікті тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған. Алдағы уақытта да өңір басшылығы азаматтардың сұраныстарын назардан тыс қалдырмай, мәселелерді жедел әрі тиімді шешуге басымдық бермек. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать