«ҚАЗЫҒҰРТ» МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ҚАЛА МЕНШІГІНЕ ӨТЕДІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков біршама уақыт бұрын Тоғыс тұрғын алабындағы ертеректе жекенің иелігіне өткен мәдениет үйін мемлекет меншігіне қайтару бойынша келіссөз жүргізген болатын.
Іргетасы 1988 жылы қаланған «Қазығұрт» мәдениет үйі орналасқан жер телімі — 1,7359 гектар, ал ғимарат ауданы 1130 шаршы метрді құрайды. 2018 жылы Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесін алған тұста Тоғыс елді мекені қалаға қосылып, «Қазығұрт» өндірістік кооперативінің меншігіндегі «Қазығұрт» мәдениет үйі де қала аумағында қалған. 350 орынға арналған ғимаратта бүгінде Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты № 26 кітапхана орналасқан.
Другие статьи:
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
«Қазығұрт» мәдениет үйі — Еңбекші ауданындағы халық игілігіне қызмет етіп отырған нысанның бірі. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында бұл жаңалық тоғыстықтарды қуантып отыр.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)