ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АУМАҚТАРЫНА АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
2022 жылы ауданды ауыз сумен қамту көрсеткіші 94,5% құраған. Биылғы жылдың қорытындысымен Шымкент қаласына қосылған 7 елді мекеннің 3724 абонентіне ауыз су құбырларын тарту жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарлануда. Оның ішінде, Қарабастау -1590 аб., Жұлдыз-484 аб., Қаратөбе-144 аб., Тоғыс-117 аб., Жыланбұзған-16 аб., Айнатас-17 аб., Исфиджаб -1356.
2024 жылы Бадам тұрғын алабының жаңақұрылысында - 340 учаске (3 үй), Оңтүстік-Жаңақұрылыста - 989 учаскеге (15 үй), Жастар көшесі және Қазығұрт станциясы (102 аб) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) әзірленуде.
2023 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтар толық ауыз сумен қамтылады. Ал жаңақұрылыс аумақтарды 2024-2025 жылдары 100 пайыз ауыз сумен қамту жоспарланған.
ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ТАБИҒИ ГАЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 90,7% ҚҰРАЙДЫ
Бүгінде Еңбекші ауданында табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 90,7% құрайды. Оның ішінде: мемлекеттік жүйеде 81,8%, жекеменшік жүйедегі 8,9%-ды құрайды.
Қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілді.
Оңтүстік, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе т.а. жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке жобалау-сметалық құжат «Бірлестік» және «SK BEST SPREC STORY KZ» ЖШС-тері әзірлеп, сараптананың оң қорытындысы алынды. 2024 жылға бюджеттік өтінім ұсынылады.
Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың қорытындысымен жаңақұрылыс аймақтарындағы қамтылмаған 12,8%-ды құрайтын 5992 абонентті табиғи газбен қамтып, қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарланған.
ЖҰЛДЫЗ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ 27 ҮЙДІ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ МАҚСАТЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Еңбекші ауданы бойынша кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 41%-ды құрайды. Бүгінде аудан аумағында «Ұлағат» шағынауданында кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, қазылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда нысан құрылысы аяқталып, пәтер иелері абоненттеу жұмыстарын жүргізді.
ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ЖОЛДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУҒА ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ЖАҚСЫ КӨҢІЛ БӨЛІНІП КЕЛЕДІ
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек айтты.
«Еңбекші ауданында ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы асфальт, 158,38 шақырымы тас, 38,76 шақырымы топырақты құрайды.
Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2021 жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көше асфальтталып, жөнделді», - деді Д.Есілбек.
Одан бөлек, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен демеуші есебінен «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды.
2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көшені жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда 70 көшені асфальттау жұмыстары аяқталып, 3 көшеде жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
2024 жылға ұзындығы 56 шақырымды құрайтын 78 көшені жөндеуге ұсынылды.
Ақпарат көзі: Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық
Тілші: Шер-Али Шеримбетов

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
08 Қараша 2023, Сәрсенбі
АБАЙ АУДАНЫ: ДОСТЫҚ, БОЗАРЫҚ ШАҒЫН АУДАНЫНДА ІШКІ КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
08 Қараша 2023, Сәрсенбі
Қайнарбұлақ тұрғын алабынның жаңақұрылыс аймағында ауыз су құбырларын тарту жұмыстары толығымен аяқталды
22 Қазан 2023, Жексенбі
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ
Комментарии (0)