Байланысқа арналған телефондар:
» » ШЫМКЕНТТЕ Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

12 январь 2024, Пятница
1 600
0
Нұрсат шағын ауданында орналасқан жекеменшік мектепке көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Заманауи және типтік үлгідегі 3 500 орынға лайықталған білім нысанының құрылысы былтыр наурыз айында басталған болатын.  Кәсіпкердің есебінен салынған жаңа мектепте балалар бір ауысымда білім алады. Бос уақытта балалардың пәндік, спорттық және өнер үйірмелеріне қатысуына барлық жағдай жасалған. Білім шаңырағында спорт зал, 30 интерактивті тақта, робототехника, биология, химия, физика лаборатория кабинеттері, сондай-ақ 500 орындыққа арналған асхана, кітапхана, гимнастика, акт залдары, ашық және жабық футбол алаңдары бар. 
Аталған білім ошағында 1-6 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылған. Құрылтайшы тарапынан әр тоқсан сайын тест тапсырған үздік оқушыларға стипендия қарастырылған.

Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать