2023: ШЫМКЕНТТЕ 23 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгінде қаладағы 268 мектепте 259 мыңға жуық оқушы білім алуда. Үш ауысымды және орын саны шамадан тыс мектептердің мәселесін шешу мақсатында былтыр қуаттылығы 19 928 орынға арналған 23 мектеп берілді. Олардың 3-еуі – мемлекеттік, 20-сы – жекеменшік мектеп. Нәтижесінде, қалада үш ауысымда оқытатын мектеп мәселесі толығымен шешілді.
Сондай-ақ демографиялық өсімге байланысты 2028 жылға дейін қуаттылығы 50 240 орынға арналған 57 мектеп салу жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде қалада 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 білім ошағын салу көзделген. Оның ішінде 2 000 орындық 8 мектеп, 1 500 орындық 2 мектеп, 1 200 орындық 7 мектеп және 600 орындық 1 мектеп болады.
Былтыр қалада 17 300 орындық 12 мектептің құрылысы басталды. Аталған білім нысандары пайдалануға берілген соң, мегаполистегі бала саны шамадан тыс 29 мектептің мәселесі толық шешіледі.
Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Алимбетов Азамат
Сондай-ақ демографиялық өсімге байланысты 2028 жылға дейін қуаттылығы 50 240 орынға арналған 57 мектеп салу жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде қалада 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 білім ошағын салу көзделген. Оның ішінде 2 000 орындық 8 мектеп, 1 500 орындық 2 мектеп, 1 200 орындық 7 мектеп және 600 орындық 1 мектеп болады.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Похожие материалы:

28 Желтоқсан 2023, Бейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 18 БІЛІМ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН

07 Желтоқсан 2023, Бейсенбі
ШЫМКЕНТ: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 12 БІЛІМ ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Комментарии (0)