СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ШЫМКЕНТКЕ КЕЛДІ
Бүгін ҚР Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына іс-сапарында алдымен қалалық мәслихаттың депутаттары және ардагерлермен кездесті.
Жиынды Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов жүргізіп отырды. Депутаттар Сенаттың осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын және қабылданған заңдардың маңызы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Өз кезегінде депутаттар мен ардагерлер тарапынан бірнеше өзекті сұрақ қойылды. Сот саласындағы кейбір заңдарды қайта қарау, әлеуметтік сала, тарифтерді теңестіру, шекарадағы өткізу пунктеріне қатысты заң нормаларына өзгеріс енгізу мәселесін көтерді. Н.Бекназаров және А.Қапбарова жиында көтерген сауалдар мен ұсыныстар толықтай зерделегеннен кейін жұмыс барысында шешуге ықпал ететіндігін жеткізді. Сондай-ақ, жиынға қатысқан мәслихат депутаттарын осы бағытта кешенді шараларды іске асыру үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырды.
Мұнан кейін сенаторлар қала тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауда тұрғындар ипотекалық баспананың құнын төмендету, ерекше балаларға көмек көрсететін қоғамдық қорды қаржыландыру, мүгедектігі бар балаларды қажетті дәрі-дәрмекпен қамту, мектеп пен балабақшадағы күзет қызметкерлдерінің жалақысын көтеру мәселелерін қозғады. Сенаторлар тұрғындардың талап-тілегін назарда ұстайтынын атап өтті.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Алимбетов Азамат
Жиынды Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов жүргізіп отырды. Депутаттар Сенаттың осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын және қабылданған заңдардың маңызы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Өз кезегінде депутаттар мен ардагерлер тарапынан бірнеше өзекті сұрақ қойылды. Сот саласындағы кейбір заңдарды қайта қарау, әлеуметтік сала, тарифтерді теңестіру, шекарадағы өткізу пунктеріне қатысты заң нормаларына өзгеріс енгізу мәселесін көтерді. Н.Бекназаров және А.Қапбарова жиында көтерген сауалдар мен ұсыныстар толықтай зерделегеннен кейін жұмыс барысында шешуге ықпал ететіндігін жеткізді. Сондай-ақ, жиынға қатысқан мәслихат депутаттарын осы бағытта кешенді шараларды іске асыру үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Похожие материалы:

28 Желтоқсан 2023, Бейсенбі
ШЫМКЕНТТІҢ 2035 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ БАС ЖОСПАРЫН ТИІМДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

27 Желтоқсан 2023, Сәрсенбі
ҚОРЫТЫНДЫ СЕССИЯ: ШЫМКЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ДИНАМИКАЛЫҚ ӨСІМ БАР

15 Қараша 2023, Сәрсенбі
ҚАЛА ӘКІМІ ЦИРК ҒИМАРАТЫН ЖӨНДЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

06 Қырқүйек 2023, Сәрсенбі
Үкімет отырысында президент жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жобасы қаралды
Комментарии (0)