АПАТТЫ ҒИМАРАТТЫҢ ОРНЫНА ЖАҢА ОҚУ НЫСАНЫ САЛЫНАДЫ
Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласындағы А.Иманов көшесі №29 мекенжайда орналасқан ХІХ ғасырдың ескерткіші саналатын Дәуітұлы Шыңғысбай қажы мешітінің жанындағы 1980 жылы салынған қосалқы ғимаратты бұзуға қатысты бейнежазба таралған болатын. Осыған байланысты бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сала басшыларымен бірге оқиға орнына арнайы барып, жағдайды бақылады. 
Мешіттің жанындағы қосалқы салынған ғимарат тарихи-мәдени мұраға жатпайды. Медресе 1998 жылға дейін шәкірт оқытты. Апаттық жағдайда болғанына байланысты қазіргі уақытқа дейін бос тұрды. Тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізген «Tech-Inspection» ЖШС-нің сараптамалық қорытындысына сәйкес, аталған қосалқы ғимарат апатты жағдайда деп танылды. Сондықтан қосымша нысан бұзылып, жоспарға сай орнына жаңа оқу ғимараты салынады. Қала әкімі құрылысты тездетіп, сапалы етіп екі айдың ішінде аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, мешіт ғимараты зақымдалмаған, бүгінде жамағатқа қызмет етуде.
Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Алимбетов Азамат

Мешіттің жанындағы қосалқы салынған ғимарат тарихи-мәдени мұраға жатпайды. Медресе 1998 жылға дейін шәкірт оқытты. Апаттық жағдайда болғанына байланысты қазіргі уақытқа дейін бос тұрды. Тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізген «Tech-Inspection» ЖШС-нің сараптамалық қорытындысына сәйкес, аталған қосалқы ғимарат апатты жағдайда деп танылды. Сондықтан қосымша нысан бұзылып, жоспарға сай орнына жаңа оқу ғимараты салынады. Қала әкімі құрылысты тездетіп, сапалы етіп екі айдың ішінде аяқтауды тапсырды.Айта кетейік, мешіт ғимараты зақымдалмаған, бүгінде жамағатқа қызмет етуде.
Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА АБАЙ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ.
16 Маусым 2026, Сейсенбі
АУДАН АУМАҒЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
15 Маусым 2026, Дүйсенбі
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВАНЫҢ ТУҒАНЫНА 101 ЖЫЛ
15 Маусым 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






