Шымкенттік ұландықтар су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесуді жалғастыруда
Ұлттық ұланның Шымкенттегі жедел бригадасының 300-ге жуық әскери қызметшісі елдің батысындағы су тасқынымен күресті жалғастыруда.
Екі апта бойы 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері басқа құқықтық тәртіп күштерімен және жергілікті тұрғындармен бірге су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысуда. Атап айтқанда, ұландықтар су басу қаупі бар елді мекендерде инертті материалы бар қапшықтарды төсеу жұмыстарын жүргізуде, сондай-ақ гуманитарлық көмекті түсіруге көмектесуде.
- «Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне жүктелген міндеттердің бірі жеке құрамның төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға қатысуы болып табылады. Біздің екі жедел батальонымыз осында, олардың ішінен біз күн сайын су тасқынымен күресу үшін 300-ге жуық адамды бөлеміз. Негізгі міндет - су ағып кетсе, тосқауылдар жасау. Біздің сарбаздар күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта біз екінші толқынның алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз», - деді бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары подполковник Сағдат Қапашев.
Айта кетейік, Қазақстандағы су тасқыны бойынша жағдай әлі де күрделі. Су басу аймақтарында Ұлттық ұлан жауынгерлері тапсырмаларды орындауда үлкен көмек көрсетуде. Жалпы, еліміздің батысындағы су тасқынын жою үшін екі мыңға жуық офицер, сержанттар мен құқықтық тәртіп әскерлерінің сарбаздары жұмылдырылды
Ақпарат көзі: ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)