Байланысқа арналған телефондар:
» » Қазақстанда жаңа энергетика қуатын іске қосу өзекті мәселеге айналып отыр

Қазақстанда жаңа энергетика қуатын іске қосу өзекті мәселеге айналып отыр

29 Мамыр 2024, Сәрсенбі
1 639
0
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС және ҚР Энергетика министрлігі мұрындық болған іс-шараға атом энергетикасы саласындағы жетекші мамандар мен сарапшылар, экологтар, ҮЕҰ, бизнес, академиялық орта және мемлекеттік сектор өкілдері қатысуда.
Мамандар бір пікірталас алаңында жиналып, атом саласын дамытудың өзекті мәселелерін, оның ішінде АЭС салу мүмкіндіктерін талқылауға кірісті.
Форумның панельдік отырыстары Қазақстан энергетикасының қазіргі жағдайы, ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі атом энергетикасының рөлі, оның қоршаған ортаға әсері мен әлеуметтік аспектілеріне арналмақ.


«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда жаңа энергетикалық қуатты іске қосу қажеттілігі өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл — электр энергиясын тұтынудың өсуі мен жұмыс істеп тұрған станциялардағы генерациялаушы жабдықтың тозуына байланысты. Қазақстан Үкіметінің көміртегісіз энергетикаға көшу бағыты, сондай-ақ елімізде шикізат пен өндірістік базасының болуы, республикада атом энергетикасы саласын дамыту үшін барынша тиімді жағдай жасайды» — деді «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин.

Оның айтуынша, Қазақстанда атом электр стансасын салу — елдің индустриялық дамуына қажетті ең оңтайлы да тиімді шешім.
Сонымен қатар ол экономиканың барлық салаларының дамуына ықпал етеді.

Ақпарат көзі : «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать