Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент қаласындағы 564 сауда орнында баға негізсіз қымбаттауы

Шымкент қаласындағы 564 сауда орнында баға негізсіз қымбаттауы

07 Қантар 2025, Сейсенбі
13
0
Шымкент қаласындағы 564 сауда орнында баға негізсіз қымбаттауы

  Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттауы анықталды. Саудагерлер ұн, тауық еті, нан, күнбағыс майы, құмшекер мен көкөніс бағасына белгіленген 15%-дан жоғары сауда үстемесін қосқан. Мысалы, 30 дана жұмыртқа 1530 теңгеден сатылауы тиіс болса, баға 2000 теңгеге дейін көтерілген. Сонымен қатар, сүт өнімдері де бірнеше есе қымбаттаған.
  Өңірлік комиссия жүргізген тексеріс нәтижесінде заңнама талаптарын бұзған кәсіпкерлерге ескерту жасалып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кейбір кәсіпкерлерге айыппұл салынған, оның көлемі 10 айлық есептік көрсеткіштен 300 айлық мөлшеріне дейін жеткен. Комиссия өкілдері 292 делдалдықпен айналысқан тұлғаның әрекетін әшкерелеген. Сонымен қатар, 2 мыңнан астам хронометраждық зерттеу жүргізіліп, 564 кәсіпкерлік субъект анықталған. Бұл зерттеулер барысында заң бұзушылықтың бірқатар фактілері, оның ішінде үй маңындағы сауда орындары мен дистрибьютерлік желілерде анықталған.
 Жағдайға қатысты қабылданған шаралар бағаны тұрақтандыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. 
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать