ШЫМКЕНТТЕ ЖӘНДІКТЕРГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Кенелерге қарсы залалсыздандыру шаралары бүгінде қаладағы 5 аудан аумағында жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жылына 4 рет, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек айларында жүргізіледі. Алайда, ауа-райының қолайсыздығына байланысты өзгеруі де мүмкін. Кәсіпкерлер мен жеке үйлердің иелері залалсыздандыруды өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.Қазір жалпы аумағы 117 га құрайтын «Дендро саябақ» аумағы масаға қарсы залалсыздандырылуда. Бекітілген жоспарға сәйкес, жалпы 4 636 911 шаршы метр қора-жай, буферлік аумақ, саябақтар мен гүлзарлар залалсыздандырылады. Бұл бағыттағы жұмыстар жылына 2 рет, көктем, күз мезгілінде атқарылады. Жоспарға сәйкес, масаға қарсы залалсыздандыру шаралары қала аумағындағы 45 гүлзар, 12 саябақ, 35 өзенде және 2 су қоймасында жасалады. Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






