Байланысқа арналған телефондар:
» » АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ АНЫҚТАП, ШЕШУГЕ МҮМКІНДІК БЕРУДЕ

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ АНЫҚТАП, ШЕШУГЕ МҮМКІНДІК БЕРУДЕ

05 Маусым 2024, Сәрсенбі
4 893
0
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков алдын ала жазылған азаматтарды қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын қарастырды. Тұрғындар баспана алу, жұмысқа орналасу, жер телімдерін беру және заңдастыру, инфрақұрылым мен жолдардың сапасын жақсартуға қатысты мәселелерін көтерді. Жауаптылар барлық өтініштер бойынша егжей-тегжейлі түсіндірме берді.
Әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 170 тұрғынның арыз-шағымын тыңдап, тиісті шешімдер қабылдады. Азаматтарды қабылдау мәселелерді шешуге ғана емес, сонымен қатар халықтың ең күрделі проблемаларын анықтауға да мүмкіндік беруде. Қосымша уақытты қажет ететін сұрақтар қала басшысының жеке бақылауына алынды. Әрбір мәселе жіті бақылауда болатынын және заң шеңберінде шешілетінін жеткізген Ғ.Сыздықбеков аудан әкімдері мен сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі 
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
MBA Impact Forum 2026: Key Outcomes 08 Маусым 2026, Дүйсенбі
MBA Impact Forum 2026: итоги 08 Маусым 2026, Дүйсенбі
MBA Impact Forum 2026: қорытындылары 08 Маусым 2026, Дүйсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать