Байланысқа арналған телефондар:
» » ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС КҮНІН ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУДАН БАСТАДЫ

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС КҮНІН ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУДАН БАСТАДЫ

07 Қырқүйек 2023, Бейсенбі
2 921
0
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Көрме» орталығында қала тұрғындарын қабылдап, алғашқы жұмыс күнін жергілікті халықтың талап-тілектерін тыңдаудан бастады. Қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауында 300-ден аса тұрғын өтінішін білдірді. 
 «Көрме» орталығында әкім орынбасарлары, департамент басшылары,  аудан әкімдері, басқарма басшылары мен сала мамандары қабылдауға келген азаматтардың талап-тілектерін назарға алып, бағыт-бағдар беріп, тиімді шешу жолдарын қарастырды. 
Ғабит Әбдімәжитұлы халықпен ашық диалог құруға күш салып, талап-тілектер бойынша қабылданатын шешімдерді назарға алатынын жеткізді.  Жауаптыларға   азаматтар тарапынан түскен бірде-бір арыз-шағымды ескерусіз қалдырмай, әсіресе, әлеуметтік, инфрақұрылымды жақсартуға қатысты мәселелерді тиімді,  шұғыл   шешуді тапсырды. 
 Сонымен қатар қабылдау барысында халыққа тұрғын үймен қамту, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту салаларына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың   ережелері мен шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  
Әкімнің халықпен кездесуі – облыс басшысы мен тұрғындардың тікелей байланысын қамтамасыз ететін маңызды шара. Осындай кездесулер барысында әкім қарапайым халықтың мәселелері мен мұң-мұқтажын тыңдай алады, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бастамалардан хабардар ете алады. Бұл әкімнің жергілікті тұрғындарға өңірді дамытудағы басымдықтарды түсіндіріп, сауалдарына жауап беруіне тамаша мүмкіндік.

Мұндай кездесулер билік пен халық арасындағы сенімді нығайтуға, мүдделер бірлігін қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ әкім тұрғындардың пікірлерін ала отырып, даму жоспарлары мен стратегияларымен бөлісе алады, бұл шешімдерді қоғамның нақты қажеттіліктеріне бейімдеуді жеңілдетеді. Мұндай кездесулер азаматтардың саясатты қалыптастыруға қатысуына ықпал етеді және қоғамды ақпараттандыруды арттырады, басқаруды ашық және айқын етеді.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать