ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ӨТТІ

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, бұқараның тыныс-тіршілігімен етене танысып, ашық байланыс орнату – Мемлекет басшысының басты саясаты. Осы мақсатта қалада жеке қабылдау ай сайын өткізіліп келеді.
Кезекті қабылдау барысында қала басшысы тұрғындардың мәселелерін мұқият тыңдап, егжей-тегжейлі жауап берді. Сондай-ақ азаматтар тарапынан көтерілген барлық мәселе заң аясында шешілетінін айтып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Оған қоса, бұқараның өтініш-тілектері ескерусіз қалмайтынын жеткізді.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Жеке қабылдау кезінде жер телімін пайдалану, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты сұрақтар мен әлеуметтік мәселелер көп көтерілді. Жалпы, 200-ге жуық азаматтың мәселесі тыңдалды.
Сонымен қатар, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері, департамент пен басқарма басшылары да азаматтардың арыз-шағымдарын қарастырды. Тиісті басшылар мәселелердің тиімді шешу жолдарын түсіндіріп, тұрғындардың өтініштері бақылауда болатынын жеткізді.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Азамат Алимбетов
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)