ШЫМКЕНТ-СИАНЬ: КҮЗДЕ БИЗНЕС ФОРУМ ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА

"Біздің қаламыз ауыл шаруашылығы жақсы дамыған Түркістан, Жамбыл облыстарымен және Өзбекстанмен шектесетіндіктен, біз үшін бұл саланы дамыту өте маңызды. Біз осы саладағы жобаларды іске асыруға мүдделі Сиань кәсіпкерлерін қолдауға дайынбыз. Қалада қолданыстағы сауда-логистикалық орталығының аумағын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Орталықты кеңейту Шымкентке Орталық Азия елдері арасында көлік-логистикалық хабқа айналуға мүмкіндік береді. Орталық теміржол торабы мен "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізінің бойында және жүктерді кешенді қабылдауды және жөнелтуді жүзеге асыратын әуежайға жақын жерде орналасқан. Біз логистикалық орталықта құрғақ, тоңазытқыш қоймаларының жобаларын жүзеге асырғысы келетін инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз" - деді қала әкімі.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Кездесуде Шымкент және Сиань университеттері арасында тәжірибе алмасу мүмкіндіктері қарастырылып, денсаулық сақтау мамандарының біліктілігін арттыру мәселесі пысықталды. Талқылау барысында осы жылдың күзінде Шымкентте екі қаланың бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен ауқымды форум өткізу келісілді. Кездесу соңында мегаполис басшысы сауда қатынастарын орнатуда, Сиань инвесторларының инвестициялық жобаларды табысты іске асыруда барлық қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Бүгінде қаламызда қытай капиталының қатысуымен мұнай өңдеу, химия және металлургия салаларында жалпы сомасы 1,4 млрд.АҚШ долларын құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба табысты іске асырылуда
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Похожие материалы:

26 Маусым 2024, Сәрсенбі
СИАНЬ САПАРЫ: ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Комментарии (0)