Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Шымкент қаласының мәслихат депутаттарымен, қоғам өкілдерімен кездесті.

Іс-шарада Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде Әділетті Қазақстан құру, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жолында кешенді реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл бағыттағы белгіленген міндеттерді орындау барлық мүдделі тараптың белсенді әрі жүйелі өзара іс-қимылын талап етеді.
Кездесу барысында мегаполистің дамуы, өзекті мәселелері, нақты айтқанда, инфрақұрылым және логистика мәселелерін шешу барысы талқыланды. Аталған проблемалардың оң шешімін табу үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі де сөз болды.
«Шымкентте жедел шешуді қажет ететін маңызды мәселелер бар. Бұл, ең алдымен, Мемлекет басшысының тапсырмасымен халықаралық сауда-логистикалық орталығын салуға қатысты екенін атап өткен жөн. Батыс айналма жолын және басқа да бағыттардағы жолдарды салу да негізгі міндет. Шымкент үшін мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығының құрылысы да өзекті. Сондықтан алдағы сессияда республика бюджетін қараған кезде сенаторлар аталған басымдықтарды және мәслихат депутаттарының ұсыныстарын назарға алады», – деді Мәулен Әшімбаев.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
“Алыс және жақын мемлекеттермен іскерлік байланыстар жанданып, Шымкент экономикасына инвестиция салатын инвесторлардың да қызығушылығы артуда. Атап айтқанда, қытайлық «Fujian Hengwang Investment Co., Ltd» компаниямен қаламызда металлургиялық зауыт салу туралы меморандум түзілді. Жобаны жүзеге асыру барысында қалаға 1 млрд 750 млн АҚШ доллар инвестиция тартылып, 1 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады” – деді қала әкімі Ғ.Сыздықбеков.
Ашық диалог алаңында депутаттар мен қоғам өкілдері республикалық деңгейде шешілуі қажет өзекті мәселелер мен жалпы қоғамға қатысты заңнамалық актілер қабылдау немесе өзгерістер енгізу бойынша сұрақтарын жолдап, ұсыныстарын білдірді.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Похожие материалы:

06 Қырқүйек 2023, Сәрсенбі
Үкімет отырысында президент жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жобасы қаралды
Комментарии (0)