Байланысқа арналған телефондар:
» » БИЫЛ ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ТҮРІНІҢ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ

БИЫЛ ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ТҮРІНІҢ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ

20 Қырқүйек 2024, Жұма
1 781
0
Шымкент қаласында қазір 41 479 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Биыл ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың қажетті құрал жабдықтармен қамтылуы ұлғайды. Мүгедектігі бар азаматтарға қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беру әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Яғни, ерекше жандар өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, жеке оңалту парағында бекітілген қызметтерді қолдана алады.

Жыл басынан бері 4 739 мүгедектігі бар адамға протездік-ортопедиялық құрал берілді. Мұндай құралдар 2023 жылы 1 176 адамға берілген болатын. Өткен жылы сурдо-техникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдармен 5 190 мүгедектігі бар адам қамтылса, биыл 15 700 адамға жетті.

Тірек-қимыл апаратында бұзылысы бар ерекше жандарға жыл басынан бері 1 017 қол арба берілді. 2023 жылы мұндай қол арба 445 адамға үлестірілген болатын. Сонымен қатар, жеке көмекші, ымдау тілі маманы қызметін осы жылы 2 785 адам пайдаланып отыр. Ал, өткен жылы мұндай қызмет түрі 1 963 адамға көрсетілген еді.

Мүгедектігі бар азамттарды сауықтыру-шипажайымен қамту бағытында да өсім бар. Өткен жылы 2 150 мүгедектігі бар азамат сауықтыруға жолданса, биыл 7 166 ерекше жанға шипажай жолдамасы берілді. Сондай-ақ арнайы жабдықталған «Инватакси» қызметіндегі 28 көлік 453 мүгедектігі бар жанға қызмет көрсетуде. Ал, 2023 жылы 350 адам арнаулы көліктің қызметін қолданған еді.

Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать