СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жиналыста аудан әкімдері, басқарма басшыларымен бірге "Сыбайлас жемқорлықтан ада бизнес" жобасы сөз болып, жер қатынастары, білім, денсаулық сақтау, құрылыс секторларындағы маңызды мәселелер қарастырылды. Агенттік басшысы Дәурен Ерғарин сыбайластық схемалары мен қылмыстарды алдын алу жөніндегі жұмыстарды баяндады. Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Башимов қаладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға жоғары баға берді.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Жер саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында геоақпараттық портал әзірленді. 1 ақпаннан бері іске қосылған жүйе арқылы жер саласындағы 18 мемлекеттік қызмет пен сервис автоматтандырылды, бұған дейін портал 2 мыңнан аса қызмет көрсеткен.

Білім саласында ustaz-nobd.iac.kz бағдарламасы арқылы былтыр 758, биыл 295 педагог қызметке қабылданды. Алдағы уақытта жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында "Фаворит" ақпараттық жүйесі енгізілмек.
Отырыста сыбайлас жемқорлықпен күрес, алдын алу жөнінде ұсыныстар талқыланып, кешенді жоспарлар бекітілді.
Обсудить
Похожие материалы:

09 Қырқүйек 2023, Сенбі
Жекеменшік мектептердегі оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесі талқыланды

06 Қырқүйек 2023, Сәрсенбі
Бұдан былай жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар ақшаға қарық болып қаладыма?
Комментарии (0)