Байланысқа арналған телефондар:
» » 6) Шымкенттіктер Мәжіліс депутатына кәріз, мектеп құрылысы мәселелерін жеткізді

6) Шымкенттіктер Мәжіліс депутатына кәріз, мектеп құрылысы мәселелерін жеткізді

12 Қантар 2025, Жексенбі
7
0
Шымкенттіктер Мәжіліс депутатына кәріз, мектеп құрылысы мәселелерін жеткізді

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Шымкентте жұмыс сапарымен болып, қала тұрғындарымен кездесті. Жиында бірнеше маңызды мәселе көтерілді, оның ішінде кәріз жүйесінің жоқтығы, мектеп құрылысы және білім ошағына атау беру мәселелері талқыланды.
  Қатын көпір шағынауданының тұрғындары кәріз жүйесінің бірнеше жылдан бері жоқ екенін айтып, осы мәселе бойынша депутаттан көмек сұрады. Тұрғындардың айтуынша, тұрмыстық қалдық суды жинау үшін олар ай сайын 10 мың теңгеден астам қаржы жұмсайды. Қазыбек Иса бұл мәселені ескеріп, оны шешу жолдарын қарастыратынын айтты.
  Депутаттың айтуынша, елде жұмысшы мамандықтарының тапшылығы байқалуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жұмысшылар жылы» бастамасын депутат толық қолдайтынын, жұмысшы мамандықтарына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Кәсіпке баулитын колледждерге қолдау көрсету мәселесіне мәжіліс қаралып жатқанын жеткізді.
 Сондай-ақ, жиында №51 мектепке Кеңес Одағының батыры Ережепбай Молдабаевтың есімін беру мәселесі қозғалды. Депутат бұл мәселе 2025 жылы шешілетінін айтып, мектептің күрделі жөндеуден өтуі үшін қаржы қарастыру қажеттігін де атап өтті. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать