Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Азаматтық бастамашылар бүгінде қоғамдық пікірді тудырушы ғана емес, сол қоғам мүшелерінің назарын ең өзекті мәселелерге аударып, оларды шешуге атсалысып жүрген қоғамда орны бар институтқа айналды.

Шымкент. Азаматтық бастамашылар бүгінде қоғамдық пікірді тудырушы ғана емес, сол қоғам мүшелерінің назарын ең өзекті мәселелерге аударып, оларды шешуге атсалысып жүрген қоғамда орны бар институтқа айналды.

04 Қазан 2024, Жұма
1 564
0
 Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында Азаматтық қоғам пайда бола бастады. Ал бүгін Қазақстанда ғана емес, жалпы әлемді алып қарасақта мыңдаған азаматтық бастама топтары да бар. Зерттеулерге зейін салып қарайтын болсақ, азаматтық бастамашылар бүгінде қоғамдық пікірді тудырушы ғана емес, сол қоғам мүшелерінің назарын ең өзекті мәселелерге аударып, оларды шешуге атсалысып жүрген қоғамда орны бар институтқа айналды.

  Азаматтық қоғам деп саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы десекте қателеспейміз. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар да  бар.

Мәселен, әлеуметтік- философияда феноменді зерттеудің екі түрлі баптары бар. Біріншісі азаматтық қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғымға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншісі азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық қарым-қатынастардың қалыптасуымен  тығыз байланыстырады.
Азаматтық қоғам жалпы жалпақ тілмен айтқанда ,адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтамыз.

  Қазақстанда азаматтық қоғам дамуы екі кезеңнен өткен болатын. Тоқсаныншы жылдары азаматтық қоғам институттарының алғашқы қарлығаштары - тәуелсіз кәсіп одақ ұйымдары құрыла бастады. Олардың мақсаты - экономиканың үкіметтік емес секторының жұмысшыларының мүддесін қорғау болды. Кейінірек әлеуметтік қорғау коалициясы пайда бола бастады. Бұл коалицияға  жиырма сегіз әртүрлі ұйымдар, партиялар, қозғалыстар кірілген  болатын.

  Азаматтық қоғамың алғашқы қалыптасуындағы маңызды қадамы 1994 жылы Мемлекет басшысының әлеуметтік әріптестік бойынша республикалық үш жақты комиссияның құрылуы туралы шешім қабылдауы болды. 2000 жылдың желтоқсан айында «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» заң қабылданды және ол биліктің, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың мүдделерін келісу мәселелерін мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерді. Міне осылайша , әлеуметтік әріптестік заңнамалық тұрғыда рәсімделді. Азаматтық қоғамның дамуындағы екінші кезеңді 2006 жылдың тамыз айында қабылданған «Қазақстан Республикасында 2006-2011 жылдары Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының» қабылдануымен байланыстыруымызға да болады. Тұжырымдамада 2011 жылға дейінгі азаматтық қоғам институтын дамыту тетіктерінің нақты шаралары ұсынылды.

Екінші кезеңнің басында Қазақстанның азаматтық секторында ресми түрде бар-жоғы 5820 үкіметтік емес ұйым тіркелген болатын. Оның ішінде 12 саяси партия, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық мәдени орталықтар, 3340 діни ұйымдар кірген болатын. Азаматтық сектор институттарын қалыптастырудағы басты оқиғаның бірі - 2013 жылы ҚР алғашқы президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен оның алғашқы форумы өтілді. Осылайша ел өміріндегі маңызды институтқа айналған қазақстандық азаматтық қоғамды жүйелі қалыптастыру мен дамыту ісі басталды. 2015 жылдан бастап «ҮЕҰ деректер базасы» нормасы енгізіліп, үкіметтік емес ұйымдар үшін қызметі бойынша есеп тапсыру міндеттелді.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать