Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Бүгінгі қоғамның негізгі тірегі – жастар.

Шымкент. Бүгінгі қоғамның негізгі тірегі – жастар.

21 Қараша 2024, Бейсенбі
1 569
0
 Бүгінгі қоғамның негізгі тірегі – жастар. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» үш заң қабылданған болатын. Олар: «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы, отыздан астам нормативтік құқықтық актілер, ондаған мемлекеттік бағдарламалар мен жол карталары жүзеге асты. Жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жете алады. Жастардың инновациялық әлеуметін  тиімді қолдана білген мемлекет стратегиялық артықшылыққа ие болады. Бәрімізге мәлім, соңғы жылдары мемлекетімізде жастармен белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде .Сонымен қатар, жастардың  жаңа қоғамдық бірлестіктері де құрылды. 

 Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты болып келеді. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi деп ойлаймын. Жастардың тағдыры мен болашағына елдегі белгілі әлеуметтік топ ретінде ғана емес, оларға елдің болашағы, ұлттың тағдыры, елдің ертеңгі егесі ретінде қарағанда ғана ұлт құндылығымызды  сақтай аламыз. 

 Жастар – мемлекеттік құрылымдағы ең үлкен әлеуметтік топ . Басқаша айт­сақ, болашақ демографиялық дивиденд. Бүгінгі жастардың басым бөлігі – тәуелсіз елде дүниеге келгендер. Жалпы, жас­тар мәселесінің бүгінгі таңдағы өзек­тілігі – мем­лекет саяса­тының маңыздылығын, бағдарын айқын­дап отыр. 

 Міне, бүгінде еліміздегі жастар қауы­мы­ның үлесі 3,7 миллионнан 6 мил­лионға көбейді. Демек мемлекеттік бағ­дар­ла­ма­лардың игі­лі­гін көретіндер саны да артты. Қазір жастардың даму индексі, NEET сана­тын­да­ғы жастар, жастармен жұмыс жөніндегі маман, жастардың еңбек жасақ­тары секіл­ді ұғымдар ресми түрде қол­данылып жүр. Бұл Мемлекет бас­шы­сының бастамасы­мен жасалған рефор­ма­лардың бір көрінісі еді. Қоғамның көкейкесті мәселесіне ай­нал­­ған жастардың жұмыссыздығы осы заң ая­сында жүйеленіп келеді.

 Қорытындылай келе, ұлттың кемел келешегі үшін бүгінгі жас ұрпаққа артылар үміт пен жауапкершілік жоғары. Сондықтан жастардан шынайы патриоттыққа негіз­делген білім мен біліктілік, креа­тив­тілік талап етіледі. Ал мемлекет осы санаттағы азаматтарды қолдап, жастар саясатын жүйелі жүзеге асырса, еліміздің іргетасы мықты қаланатынына сенім бар.

Тілші: Тұрсынхан Жанерке Ерлданқызы

Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать