Түркістан облысы. Адам өміріндегі шылым мен алкогольдің қауіптері
Шылым шегу мен алкогольді пайдалану адам денсаулығына үлкен қауіп төндіреді және көптеген аурулардың дамуына себеп болады. Бұл зиянды әдеттер ұзақ мерзімді және қайтымсыз салдарларға әкелуі мүмкін.
Шылым шегу өкпенің қатерлі ісігі, созылмалы обструктивті өкпе аурулары , бронхит және эмфизема сияқты аурулардың басты себебі болып табылады. Темекі түтіні тыныс алу жолдарын тітіркендіріп, уақыт өте келе өкпе қызметін бұзады, бұл адамды ауыр тыныс алу қиындықтарына әкелуі мүмкін.
Адамдардың шылым шегуі жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін едәуір арттырады. Оларға жүрек, инфаркт, инсульт, артериялық гипертензия кіреді. Темекі құрамындағы никотин қан тамырларын тарылтып, қан айналымын нашарлатады, бұл жүрекке түсетін ауыртпалықты күшейтеді.
Жүктілік кезінде темекі шегу ұрықтың дамуына теріс әсер етіп, төмен салмақта туылу, шала туылу, туа біткен ақаулар және жүктіліктің үзілу қаупін арттырады.
Алкогольдің қаупі:
1. Бауыр аурулары: Алкогольдің ең көп әсер ететін мүшесі – бауыр. Алкогольдік гепатит, бауыр циррозы және бауырдың қатерлі ісігі алкогольді жиі және шамадан тыс тұтынудан туындайды. Бауыр жасушалары уақыт өте келе бұзылып, өз қызметін толық атқара алмай қалады.
2. Жүйке жүйесіне және миға әсері: Алкоголь жүйке жүйесіне улы әсер етеді, бұл есте сақтау қабілетінің нашарлауына, зейіннің төмендеуіне және реакцияның баяулауына әкеледі. Сонымен қоса ұзақ уақыт бойы алкоголь ішу мидың жұмысына қайтымсыз зиян келтіреді, бұл деменция, депрессия және басқа да психикалық аурулардың даму қаупін арттырады.
3. Жүрек-қан тамырлары аурулары: Алкогольді шамадан тыс тұтыну қан қысымын көтеріп, жүрек ишемиялық ауруларының, жүрек жеткіліксіздігінің және инфаркттің пайда болу қаупін арттырады. Ұйқы безінің қабынуы да алкогольдің салдарынан туындауы ықтимал.
Алкогольге тәуелділік адамның психологиялық жағдайын нашарлатып, депрессия, мазасыздық және агрессивті мінез-құлық тудырады және алкогольді шектен тыс тұтыну отбасылық және әлеуметтік қатынастардың бұзылуына, еңбекке жарамдылықтың төмендеуіне, жұмыссыздыққа және қылмыстық әрекеттерге алып келуі мүмкін.
Қорытынды:
Шылым шегу мен алкогольді шамадан тыс тұтыну денсаулыққа елеулі зиян келтіреді. Бұл әдеттер тек физикалық ауруларды ғана емес, сонымен қатар психикалық және әлеуметтік мәселелерді де туындатады. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден бас тарту ұзақ және сапалы өмір сүруге мүмкіндік береді.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)