Түркістан облысы. Шылым шегудің денсаулыққа зияны
Шылым шегудің денсаулыққа тигізетін зияны орасан зор, ол көптеген аурулар мен өмір сүру сапасының төмендеуіне әкеледі.
Шылым шегудің зияны – қоғамның денсаулығына, экономикалық жағдайына және жалпы өмір сапасына теріс әсер ететін фактор. Темекі шегуден бас тарту немесе шектету – денсаулықты сақтау мен жақсартудың маңызды қадамы.
Темекінің құрамындағы никотин, шайыр, көміртек тотығы және басқа да зиянды заттар ағзаға көптеген кері әсерін тигізеді.
Шылым шегушілер жиі суық тию және өкпе инфекцияларына шалдығады. Темекі түтініндегі канцерогенді заттар өкпе қатерлі ісігінің даму қаупін арттырып, тыныс алудың қиындауына, өкпенің қабынуына және оның қызметінің нашарлауына әкеледі.
Темекі өкпе мен бронхтардың қабынуын күшейтеді, нәтижесінде өкпенің функционалдық қабілеті төмендейді.
Шылым қан тамырларының тарылуына және артериялық қан қысымының жоғарылауына әкеледі. Бұл инфаркт пен инсульт қаупін арттырады. Шылым шегушілерде қанның қоюлануы нәтижесінде тамырлар бітеліп, тромбоз және инсульт қаупі артады.
Шылым шегетін әйелдерде жүктіліктің ағымы қиындап, түсік тастау, мерзімінен бұрын босану және баладағы туа біткен ақаулардың даму қаупі жоғарылайды және аналардың балаларының денсаулығы әлсіз болып, дамуында артта қалу ықтималдығы жоғары.
Никотиннің әсерінен шылым шегу тәуелділікке айналып, адамның өмірін шектеп, шылымсыз жүре алмауына себеп болады. Шылым шегу адамның өмір сүру ұзақтығын 10-15 жылға дейін қысқартады, ал денсаулығының нашарлауы сапалы өмір сүруге кедергі келтіреді.
Шылым шегудің зиянын азайту жолдары:
1. Темекіден бас тарту: Бұл ең тиімді шешім. Адам шылым шегуден бас тартқанда, оның денесі уақыт өте келе қалыпқа келе бастайды.
2. Ақпараттандыру және қолдау көрсету: Темекінің зияны туралы халықты ақпараттандыру, сондай-ақ шылымды тастауға көмектесетін қолдау топтары мен бағдарламаларға қатысу маңызды.
3. Балама әдістер: Шылымды тастау үшін никотинді алмастыратын дәрілер немесе терапия түрлері бар. Алайда, шылым шегуден бас тарту үшін дәрігердің кеңесі мен қолдауына жүгінген дұрыс.
Қорытынды: Шылым шегу ас қорыту жүйесінің қатерлі ісігінің даму қаупін арттырып оның ішінде ауыз қуысы, көмей, өңеш және асқазан қатерлі ісіктеріне әкеліп соқтырады. Шылым шегудің зиянын біліп, темекіден бас тарту арқылы денсаулықты сақтап, өмір сапасын жақсартуға болады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)