ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
Ағымдағы жылы Қызылорда қаласының сол жағалауында заманауи үлгідегі жаңа автовокзал ашылды. Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында «Көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс» деген болатын. Автобустармен жолаушы тасымалдау – үлкен сұранысқа ие қызмет. Жолаушылар мен жүк тасымалын ұлғайту, қызмет сапасын жақсарту мақсатында Сырдың бас шаһары тағы бір әсем, заманауи нысанмен толықты.

38 бағыт бойынша сапарға шыға алады. Жаңа автовокзал200 жолаушыға дейін жолға жөнелту мүмкіндігі бар. Жолаушыларды түсіру үшін 6 перрон, сапарға шығатындарға 11 перронқарастырылған.

Соңғы жылдары Сыр өңірінде барлық саланың материалдық-техникалық базасын, оның ішінде автопаркін жаңартуға басымдық берілуде. Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктің мәселесін түбегейлі шешу үшін жаңадан 300 автобус алынды. Еске салсақ, өткен жылы «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 600 млн теңгеге жуық қаржыға тоғыз жолдың торабындағы бас қақпа – теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті.
Другие статьи:
Ұлттық кітап күні: Астананың білім ордаларында «8 минуттық оқу» жобасы жүзеге асырылып келеді
24 Сәуір 2025, Бейсенбі
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Ақпарат көзі : Қызылорда облысының баспасөз хабарламасы
Тілші : Алимбетов АзаматОбсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)