Байланысқа арналған телефондар:
» » Әлеуметтік және экономикалық дамудың өзара байланысы

Әлеуметтік және экономикалық дамудың өзара байланысы

01 Қазан 2024, Сейсенбі
53
0
Әлеуметтік және экономикалық даму — қоғамның әлеуметтік құрылымын, экономикалық жүйесін және өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған ұзақ мерзімді процестердің жиынтығы. Бұл процестер халықтың тұрмыс жағдайын, жұмыс күшінің сапасын, білім мен денсаулық сақтау жүйелерін, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық дамуын көздейді.

Білім беру жүйесін дамыту, жоғары білікті кадрлар даярлау, оқу сапасын арттыру, барлық әлеуметтік топтарға білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету — маңызды міндеттердің бірі. Денсаулық сақтау саласында инфрақұрылымның жақсаруы, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру, аурулардың алдын алу және денсаулық сақтаудың сапасын көтеру қажет. Жұмыссыздық деңгейін төмендету, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау жүйесін жақсарту да басты мақсаттардың қатарында.

Тұрғын үй, қоғамдық көлік, таза су, газ, электр энергиясы сияқты маңызды қызметтерді халыққа жеткізу — әлеуметтік дамудың негізі. Әлеуметтік теңдік, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңның үстемдігін қамтамасыз ету де маңызды аспектілер болып табылады. Елдің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) өсуі, яғни экономикалық белсенділіктің артуы, өндіріс көлемінің көбеюі — экономикалық дамудың көрінісі. Шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту, жаңа өндірістер мен кәсіпорындарды ашу, экономиканы әртараптандыру да маңызды бағыттар.

Өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа технологияларды енгізу, инновациялық шешімдерді қолдану, ғылым мен техника саласын дамыту да экономикалық дамудың негізі. Кәсіпкерлік ортаны жақсарту, шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу да экономикалық процестердің ажырамас бөлігі. Экспорттық әлеуетті арттыру, халықаралық нарыққа шығу, сауда саясатын тиімді жүргізу де экономиканың өсуіне ықпал етеді.

Әлеуметтік және экономикалық дамудың өзара байланысы:

Әлеуметтік даму мен экономикалық даму бір-біріне тығыз байланысты. Мысалы, жоғары білімді жұмыс күші мен денсаулық сақтау саласының дамуы экономикалық өсуді қамтамасыз етеді, ал экономикалық өсім халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартады. Сонымен қатар, экономикадағы тұрақтылық әлеуметтік қорғау жүйесін жақсартып, жұмыссыздықты азайтуға мүмкіндік береді. Экономикада адам факторының маңызы күрт артты. Жаңа тарихи жағдайда адами капитал рөлінің артуына байланысты еңбек пен адамның атқаратын негізгі рөлі көтерілді.

Қазіргі заманғы жоғары технологиялық экономика, ақпараттандыру адамның дамуына, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайына, демалысқа және коммуникация тәсілдеріне ірі салым жасауды қажет етеді. XX ғасырдың екінші жартысында адами капиталға қомақты қаржы жұмсалды. Адам факторының және жаңа экономиканың сипатының рөлінің артуына байланысты адамның ұдайы өндірісі саласы мен тұтыну саласында қыруар ресурстар тартылды. Осының нәтижесінде қоғамдық өнім құрамында қызметтер өседі, ұлттық байлықта халық жинақтайтын мүлік пен адами капитал ұлғаяды.

Адами капиталдың азаюын қысқа мерзімде жаңа тауарлар мен техника шығару арқылы өтеуге болмайды. Адами капиталдың ұдайы өндірісі — экономикалық және әлеуметтік процестердің күрделі әрі ұзақ мерзімде бірлескен өнімі. Ол экономиканың дамуымен және адамдардың өмір сапасының жақсаруымен тығыз байланысты. Соның салдарынан әлеуметтік тұрақсыздық осы негізгі ресурстың ұдайы өндіріске ғана емес, жалпы экономиканың ұзақ мерзімді тиімділігіне де тікелей қауіп төндіреді.

Әлеуметтік даму мен экономикалық дамудың өзара теңгерімді және үйлесімді болуы елдің тұрақты өсуін қамтамасыз етеді және халықтың өмір сүру сапасын арттырады.

Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы


Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать