Шымкентте миллиардтан астам тұратын спорт кешені мемлекетке қайтарылды
Шымкентте миллиардтан астам тұратын спорт кешені мемлекетке қайтарылды
Шымкент қаласындағы нарықтық құны 1 миллиард 214 миллион теңгеге бағаланған "Орталық су-спорт кешені" мемлекет меншігіне қайтарылды. 2017 жылы сатып алу құқығымен жекеменшікке берілген нысанға сегіз жыл ішінде ешқандай инвестиция салынбаған. Қабырғалары қақырап, едені опырылған, күйреуге шақ қалған кешенге прокурорлық тексеріс жүргізілген.
Тексеріс нәтижесінде кешеннің қауіпсіздік талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Сонымен қатар, басқарушы компанияның салықтық берешегі 111 миллион теңгеге жетіп, коммуналдық қарыздары да қордаланып қалған. Сот шешімімен барлық міндетті төлемдерді өтеуге бір ай мерзім берілді. Сондай-ақ, спортшыларды даярлауға бюджеттен бөлінген субсидияны қайтаруға міндеттелді.
Қазіргі таңда кешенді қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл нысанның қайтадан қала тұрғындарының игілігіне қызмет етуі үшін барлық қажетті шаралар қолға алынуда. Мемлекет меншігіне қайтарылуы кешеннің сақталуына және тиімді пайдаланылуына мүмкіндік береді. Болашақта бұл кешенде жас спортшылардың даярлануына және түрлі су спорт түрлері бойынша жарыстардың өткізілуіне жағдай жасалады деп күтілуде.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Ұлттық кітап күні: Астананың білім ордаларында «8 минуттық оқу» жобасы жүзеге асырылып келеді
24 Сәуір 2025, Бейсенбі
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:

24 Қантар 2025, Жұма
Шымкентте сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік кәсіпорын мемлекетке қайтарылды

18 Қантар 2025, Сенбі
6) Түркістан облысында мүгедек балалардың әлеуметтік бағдарламаларына бөлінген 85 миллион теңгені жымқырған орталық басшылығы анықталды.

12 Қантар 2025, Жексенбі
Шымкентте сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік кәсіпорын мемлекетке қайтарылды

12 Қантар 2025, Жексенбі
10) Шымкентте сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік кәсіпорын мемлекетке қайтарылды

03 Қырқүйек 2024, Сейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ САПАСЫЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН 2 ЕМХАНА МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Комментарии (0)