Гендер-қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын анықтайтын әлеуметтік жыныс.
Гендер-қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын анықтайтын әлеуметтік жыныс. Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады. Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет. Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті бекітуде қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше.
Қазақстанда демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді, себебі, балалардың туылуы, олардың тәрбиесі нәзік әйелдердің мойнында. Сонымен қатар олар өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің көп бөлігі солардың еншісінде. Әйел отбасы құндылықтарының мүддесін қорғайды. Күнделікті және байқалмайтын отбасы туралы қамқорлық, өз жанұясы үшін жан жайлылығын жасау, жайлы жағдай және амандық - бұлардың барлығы әрбір әйел үшін абзал міндет. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заң қолданысқа енгізілген болатын.
Қазіргі таңда гендерлік саясатқа біздің мемлекетімізде аса көңіл аударылуда. Осыған орай отбасылық саясат саласында қандай жетістіктер болды және көкейкесті мәселелер барма, соған тоқталып өтейік.
Гендерлік стратегияны іске асырылған жылдары отбасылық-неке қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюінде оң динамикаға қол жеткізілді. 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық жоспар бекітілді.
Шет мемлекеттердің дамуына жүргізілген талдау әлемде отбасылық және гендерлік саясат саласында бірыңғай әмбебап модельдің жоқ екенін көрсетті. Әрбір ел қалыптасқан мемлекеттік басқару, ұлттық ерекшеліктер мен мәдениет жүйесін ескере отырып, өзінің отбасылық және гендерлік саясатын қалыптастырады.
Гендерлік стратегияны іске асырылған жылдары отбасылық-неке қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюінде оң динамикаға қол жеткізілді.
Гендерлік саясаттың жүзеге асыруын ілгерілету мақсатында біздің ойымызша әйел адамдарға заңмен қандайда бір жеңілдіктер қарастырылу керек. Мысалы, аяғы ауыр әйел адамдар мен 3 жасқа дейінгі балалары бар әйел адамдарға төрт күндік жұмыс күнін белгілеген дұрыс деп есептейміз. Сонымен қатар ай сайынғы алатын жалақының мөлшері де бес күндік жұмыс жасайтын қызметкерлердің жалақысымен тең дәрежеде болуы керек. Сәйкесінше осы мәселені еңбек заңнамасының нормасымен бекіту қажет. Осындай жағдайларда әйел адамдарға көмек көрсетілетін болса, еліміздің гендерлік саясаты да ілгерілей түседі деген ойдамыз.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қалалық перинаталдық орталығында жоғары дәлдіктегі бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі
28 Қараша 2024, Бейсенбі
“БОЗАРЫҚ-3” ШАҒЫНАУДАНЫ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛДЫ
28 Қараша 2024, Бейсенбі
Шымкент. Алкоголь мен шылым шегу қазіргі қоғамның ең үлкен мәселелерінің бірі.
23 Қараша 2024, Сенбі
Похожие материалы:
06 Қазан 2024, Жексенбі
Шымкент. Отбасылық және гендерлік саясат – қоғамның әлеуметтік құрылымын қалыптастырудағы маңызды аспектілердің бірі.
Комментарии (0)