Байланысқа арналған телефондар:
» » Гендерлік саясатты қолдау біздің еліміздеде бірінші орында.

Гендерлік саясатты қолдау біздің еліміздеде бірінші орында.

02 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
9
0
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында гендерлік саясатты жүзеге асыруда бірқатар жетістіктерге жетті.
Гендерлік саясат — мемлекет тарапынан әйелдер мен ерлердің құқықтарын тең дәрежеде қамтамасыз ету, гендерлік теңдікті орнату және гендерлік стереотиптер мен дискриминацияны жоюға бағытталған шаралар мен стратегиялардың жиынтығы. Гендерлік саясаттың мақсаты — қоғамдағы барлық мүшелерінің құқықтары мен мүмкіндіктері тең болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени салаларда гендерлік теңдікті насихаттау.

Ұлттық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік басқару құрылымдарында әйелдер, отбасы, балалар, гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі арнаулы уәкілетті органдар құрылған. Гендерлік саясатты қолдау біздің еліміздеде бірінші орында. Гендерлік саясаттың жүзеге асыруын ілгерілету мақсатында біздің ойымызша әйел адамдарға заңмен қандайда бір жеңілдіктер қарастырылу керек.
Отбасы міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында еңбек заңнамасында ата-аналардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алуға құқықтары туралы нормалар бекітілген. Сонымен қатар, әйелдердің, жүкті әйелдердің және балалары бар әйелдердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін бекітетін нормалар да пайда болды. Осыған орай, балалы отбасыларды қолдау бойынша шаралар кешенінде мемлекет әлеуметтік жәрдемақылар мен көрсетілетін қызметтер арқылы қолдау көрсетеді. Гендерлік саясат — мемлекет тарапынан әйелдер мен ерлердің құқықтарын тең дәрежеде қамтамасыз ету, гендерлік теңдікті орнату және гендерлік стереотиптер мен дискриминацияны жоюға бағытталған шаралар мен стратегиялардың жиынтығы.
Гендерлік саясат қоғамдағы барлық адамдардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін маңызды құрал болып табылады. Бұл саясат қоғамда әйелдер мен ерлердің құқықтары мен міндеттерін теңгеріп, гендерлік теңдікті нығайтуға бағытталған шараларды қамтиды.
Қазіргі заманғы гендерлік саясат жұмыс орындарында, білім беру мен денсаулық сақтау саласында, отбасылық өмірде және саяси қатысуда гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге, гендерлік стереотиптерді жоюға және әйелдер мен ерлер арасындағы мүмкіндіктердің тең болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Гендерлік теңдік қоғамның тұрақты дамуы үшін маңызды элемент болып табылады, себебі ол әділдік, теңдік және барлық азаматтардың толыққанды дамуына мүмкіндік береді.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать