Байланысқа арналған телефондар:
» » «ҚАЖЫМҰҚАН» СТАДИОНЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

«ҚАЖЫМҰҚАН» СТАДИОНЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

11 январь 2024, Четверг
1 579
0
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Қажымұқан» атындағы орталық стадионына барып, жай-күйін бақылады. 
Стадион 1969 жылы салынған. 2008 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал 2018 жылы қайта жаңғыртылып, жарықтандырушы бағаналар орнатылды. Футбол алаңының жабыны табиғи, өлшемі – 65x105 метр, сыйымдылығы – 18 000 адам. Аренада 700 орын көлік тұрағы, 100-ге жуық қонақ үй бөлмесі және спортшыларға арналған киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелері қарастырылған. Стадионда электронды табло, 8 жүгіру жолағы және 4 қуатты жарық түсіретін мұнарасы бар. Сондай-ақ аталған нысанда бокс, күрес, еркін күрес, қоян-қолтық күрес, кикбоксинг, дзюдо, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика және семсерлесуден спорт мектептері қамтылған.  Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбековтің айтуынша, арена күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Егер жөндеу жұмыстары жүргізілсе, тиімділігі артады. Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама мүшелері оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Мұндай стандартты жолақ елімізде екі қалада ғана бар. 
Қала басшысы нысанды күрделі жөндеуден өткізу бойынша тиісті мамандардың пікірін біліп, тиімділігін қарастыруға тапсырма берді. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ, алдағы уақытта жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізіледі. 

Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Алимбетов Азамат 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать