Қазақстандағы әлеуметтік реформалар мен экономикалық даму бағыттары азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға арналғанымен, қаржы басқару мен ашықтық мәселелері де өзекті болып тұр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің, экономикалық даму стратегиясының негізінде азаматтардың мүддесі болуы қажет екені атап етілді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің, экономикалық даму стратегиясының негізінде азаматтардың мүддесі болуы қажет екені атап етілді.
2024 жылы Үкімет бұл бағытты маңызды әлеуметтік бастамалармен жүзеге асыруды жалғастырды. 2024 жылы Қазақстанда әлеуметтік сала қарқынды дамуын жалғастырды. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында білім, денсаулық сақтау салаларының сапасын арттырып, азаматтарды әлеуметтік қорғауды нығайту қажеттілігін атап өтті. Осы міндеттердің шеңберінде реформалар жасалып, бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды.2024 жылы мемлекеттік бюджеттің жартысынан астамы (52,8%) әлеуметтік салаға бағытталды. Жыл сайын зейнетақыны көтеру аясында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлемдер: базалық зейнетақы 7%-ға, ынтымақты зейнетақы 9%-ға инфляцияны ескере отырып, индекстелді. Нәтижесінде 2,4 млн зейнеткердің, оның ішінде БЖЗК жинақтау қорынан зейнетақы алатын 459,3 мың зейнеткердің зейнетақысы көбейді. Орташа зейнетақы көлемі 165 мың теңгеден асты. Бұдан бөлек, базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен көбейту жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ, жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарнасы 2028 жылға қарай 5%-ға ұлғаяды.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге дейін артты. 1,8 млн адам, оның ішінде бюджет қызметкерлері қамтылды. 600 мың азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын кезең-кезеңімен 20%-ға арттыру жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау шаралары жүзеге асырылып жатыр, табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар саны азайып келеді.
Цифрлық отбасы картасы арқылы 8430 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтер көрсетілді. 845 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, оның 401 мыңнан астамы жастар. 9 мыңға жуық азамат, оның ішінде мүгедектігі бар жандар және ерекше қажеттілігі бар балалы ата-аналар бизнес-идеясын жүзеге асыруға грант алды.
Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Мәжіліс отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Назарбаев университетінің жұмысына жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындысын мәлім етті.
- Бірқатар проблема мен кемшілікті анықтадық. Біріншісі – Назарбаев университетінің әлі күнге дейін бюджет қаражатына тәуелді болып келе жатқаны. Ал оқу орнын дамытудың стратегиялық құжатында университет сыртқы қаражат көздерінің есебінен республикалық бюджет қаржысына тәуелділіктен кету керек болған. Университетке беріліп отырған теңдессіз мәртебе мен салық жеңілдіктеріне, қолдау тетіктеріне қарамастан қаражатының 97 пайызын республикалық бюджеттен алып отыр.
Палата басшысының сөзінше университет мемлекет қаражатын соншалықты тиімді игеріп отырған жоқ.
- Аудит қорытындысы бойынша университет 73 млрд теңгені тиімсіз жоспарлап, игергені анықталды. Сондай-ақ жарты миллиард теңгенің қаржылық заң бұзу фактісі белгілі болды, - деді Ә.Смайылов.
Қорытындылай келе, 2024 жылы Қазақстанда әлеуметтік салада маңызды реформалар мен өзгерістер жүзеге асты, әсіресе азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шаралар күшейтілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында зейнетақы, ең төменгі жалақы, жұмыссыздықпен күрес және әлеуметтік көмек көрсету саласында ауқымды жұмыстар атқарылды.
Зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері артты, ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн адамға әсер етті, сондай-ақ жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шаралары да белсенді түрде жүзеге асырылды. Сонымен қатар, цифрлық қызметтер мен әлеуметтік қолдау жүйелерінің тиімділігі артты.
Алайда, Назарбаев университетіне қатысты аудит нәтижелері мемлекет қаржысын тиімді пайдаланбау мәселесін көрсетті. Университеттің республикалық бюджетке тәуелділігі, қаржылық есеп беру мәселелері мен тиімсіз жоспарлау нәтижесінде 73 млрд теңге шығыны анықталды. Бұл жағдай университеттің ашықтығы мен қаржылық бақылауды күшейту қажеттілігін көрсетеді.
Осылайша, Қазақстандағы әлеуметтік реформалар мен экономикалық даму бағыттары азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға арналғанымен, қаржы басқару мен ашықтық мәселелері де өзекті болып тұр.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ МЫРЫШ ОКСИДІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АШЫЛДЫ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
КӨШЕ-ЖОЛ ЖЕЛІСІН ПАСПОРТТАУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ 2024 ЖЫЛЫ 1301 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
Похожие материалы:
01 Қырқүйек 2023, Жұма
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті
01 Қырқүйек 2023, Жұма
Күрделі тапсырмаларды орындау үшін біздің бірлігіміз күшті және біртұтас болуы керек - Бақыт Бекназаров
01 Қырқүйек 2023, Жұма
Жолдауда айтылған міндеттерді орындау барлығымыздың азаматтық борышымыз болып табылады - Динара Нышанқызы
01 Қырқүйек 2023, Жұма
КҮРДЕЛІ МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУ ҮШІН БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ, ЫНТЫМАҒЫМЫЗ БЕРІК БОЛУЫ ТИІС
Комментарии (0)