Байланысқа арналған телефондар:
» » 5) «ALSERA KZ» ЖШС ҚАЗАҚСТАНДА ҚУАТТЫЛЫҒЫ ЖЫЛЫНА 155 МЫҢ ТОННА ҚЫЗАНАҚ ӨСІРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІН САЛУДЫ БАСТАДЫ

5) «ALSERA KZ» ЖШС ҚАЗАҚСТАНДА ҚУАТТЫЛЫҒЫ ЖЫЛЫНА 155 МЫҢ ТОННА ҚЫЗАНАҚ ӨСІРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІН САЛУДЫ БАСТАДЫ

28 Қантар 2025, Сейсенбі
17
0
«ALSERA KZ» ЖШС ҚАЗАҚСТАНДА ҚУАТТЫЛЫҒЫ ЖЫЛЫНА 155 МЫҢ ТОННА ҚЫЗАНАҚ ӨСІРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІН САЛУДЫ БАСТАДЫ

  Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Alarko Holding» компаниясы өкілдері, Шымкент қаласының әкімдігі және «Alsera KZ» ЖШС арасында инвестиция тарту туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім «Қазақстанда жылыжай кешенін салу және пайдалану» жобасы аясында жүзеге асырылады. Жоба Түркия Республикасымен бірлескен жұмыстың нәтижесі болып табылады. Түркия Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі басты серіктестерінің бірі ретінде, әсіресе өнімді қайта өңдеу, озық технологиялар енгізу, жылыжай шаруашылығы және суару жүйелері сияқты бағыттарда белсенді жұмыс істеп келеді.
  Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, жоба аясында қол қойылған келісімнің 25 жылға тұрақтылық беретінін және Түркия инвесторларының ауыл шаруашылығы саласына қосқан үлесін атап өтті. Шымкентте жылыжай кешені жылына 155 мың тонна қызанақ өсіруге мүмкіндік береді. Жоба екі кезеңнен тұрады және 2028 жылы толық іске қосылады деп жоспарланған. Қаржының жалпы құны 650 млн АҚШ долларын құрайды, оның 100% шетелдік инвестор есебінен қаржыландырылады. Бұл жоба 5000 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
  Министр әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және балалар алаңдарын, балабақшаларды салу, аумақтарды көгалдандыру сияқты жоспарларды да атап өтті. Мемлекет тарапынан салықтық преференциялар мен инфрақұрылымды дамыту арқылы инвесторларға қолдау көрсетіледі. Бұл жоба екі ел арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болатыны, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тартуды одан әрі арттыратыны туралы айтылды. 
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать