Бекітілген жоспарға сәйкес Шымкент қаласы «AMANAT» партиясының Әл-Фараби аудандық филиалында аудан тұрғындарының мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өтті.
Бекітілген жоспарға сәйкес Шымкент қаласы «AMANAT» партиясының Әл-Фараби аудандық филиалында аудан тұрғындарының мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өтті. Аудан тұрғындары тарапынан әлеуметтік көмек, тұрғын үй, ауланы абаттандыру, жеке кәсіпкерлік және т.б. мәселелері көтерілді.
Әрбір азамат мұқият тыңдалып, мәселелерді шешу мақсатында аудан әкімдігінің орынбасарлары мен сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді. Республика күні қарсаңында мемлекеттік бағдарлама аясында 304 отбасы қоныс тойын тойлады. Салтанатты кілт тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, құттықтады.
Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Көпжан Тулебаев азаматтарды жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, мәселелерімен танысты. Азаматтарды қабылдауға 10-нан аса қала тұрғындары келді. Азаматтар тұрғын үй кезегіне тіркелуге қатысты мәселелері бойынша көмек сұрады. Сала мамандары көтерілген мәселелер бойынша құқықтық кеңестер беріп, зерделеуді қажет ететін мәселелерді жіті бақылауға алды.
Бүгін 8 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков реновация бағдарламасының алғашқы қатысушыларына „ Шымкент сити” шағын ауданынан жаңа пәтер кілтін табыстады.
Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды сапалы баспанамен қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын кешенді жаңарту бойынша бірқатар нақты міндеттер белгіледі. Президент 2029 жылға дейін республика бойынша апатты жағдайдағы 1500 тұрғын үйді бұзып, иелеріне жаңа пәтер беруді тапсырды. Осыған орай, қала басшысының тапсырмасымен Шымкент қаласында тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасын іске асыру бойынша жүйелі әрі жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір мегаполисте 2000-нан астам көпқабатты тұрғын үй бар, оның 70%-дан астамы шамамен жарты ғасыр бұрын салынған және тозығы жеткен үйлер. Бүгінгі таңда қалада осындай 134 үй тіркелген. Айта кетейік, апатты үйлерді бұзу үшін ең алдымен пәтер иелерінің толық келісімі қажет.
Бағдарлама аясында Айналма өткелдегі бір тұрғын үй бұзылатын нысандар тізіміне енгізілді. Бұл ғимарат 60 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Қазіргі таңда заманауи қауіпсіздік пен энергия тиімділігін арттыру талаптарына сай келмейді. Мұндай үйлер тек тұрғындарының өміріне ғана емес, қоршаған инфрақұрылымға да қауіп төндіреді.
Бағдарлама шарты бойынша апатты үй иелері жаңа ғимараттан көлемі мен бөлмелері бірдей пәтер алады. Сонымен қатар, жаңа пәтер алдыңғысынан орташа есеппен 20 шаршы метр кең. Ең бастысы, тұрғындар қосымша шаршы метр үшін ақы төлемейді әрі пәтерлер таза әрлеумен беріледі. Бағдарламаны іске асыру тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету көрсеткішін жақсартуға, қаланың заманауи сәулеттік келбетін қалыптастыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және инженерлік инфрақұрылымды жаңарту мен жаңғыртуға мүмкіндік береді. Шымкент қаласында 2 375 отбасы тұрғын үй жалдау ақысына субсидия төленді. Оның ішінде 2023 жылы 2 035 отбасының тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп, субсидиялаған. Ал 2022 жылы 337 азаматтың аталған әлеуметтік көмекке жолданған өтінімі мақұлданып, жалпы сомасы 203 млн теңгені құрады.
Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 51 140 азамат тіркелген, оның ішінде:
—жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша-1803
—көпбалалы отбасылар 15 449
—халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы-17 823
—мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер-16 042
—жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар-24
2024 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жыл соңына дейін 4574 отбасы пәтермен қамтылатын болатын.
Ағымдағы жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға арендалық сатып алу құқығынсыз 1000 азаматқа арендалық пәтер берілуі жоспарланған. Оның ішінде, бүгінгі таңда 251 пәтер пайдалануға берілді. 2023 жылдан өтпелі болған 280 пәтер биыл қоныстандырылды. Сондай-ақ, 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жас 900 арендалық баспанаға қол жеткізеді.
Бұдан бөлек, Мемлекеттік бағдарламалар бойынша «2-10-20» және «5-10-20» бағыттары аясында жеңілдетілген несиелік негізде ағымдағы жылға жоспарланған 2274 пәтердің ішінде 432 пәтерге келісім-шарттар түзіліп, азаматтарға қолданысқа табысталды. Сонымен қатар, 2022 жылдан өтпелі болған жалпы 1041 пәтер азаматтар арасында 2024 жылы үйлестірілді. Осылайша, несиелік бағытта жалпы 1473 пәтер берілді.
Биылғы жылға, Қамқор өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 миллиард теңге және «Отбасы банк» АҚ-нан 3 миллиард теңге жалпы 8 миллиард теңге бөлініп, ағымдағы жылы 400-ден кем емес отбасыны несиелендіру көзделуде. Несиенің ең жоғарғы мөлшерлемесі 20 миллион теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлеме -6% , бастапқы жарна 10%-дан кем емес, несиенің максималды мерзімі 25 жылға дейін.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ МЫРЫШ ОКСИДІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АШЫЛДЫ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
КӨШЕ-ЖОЛ ЖЕЛІСІН ПАСПОРТТАУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ 2024 ЖЫЛЫ 1301 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)