Шымкент. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында азаматтық қоғам пайда бола бастады.Ал бүгін Қазақстанда ғана емес ,жалпы әлемді алып қарасақта мыңдаған азаматтық бастама топтары да бар.
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында Азаматтық қоғам пайда бола бастады.Ал бүгін Қазақстанда ғана емес ,жалпы әлемді алып қарасақта мыңдаған азаматтық бастама топтары да бар. Зерттеулерге зейін салып қарайтын болсақ, азаматтық бастамашылар бүгінде қоғамдық пікірді тудырушы ғана емес, сол қоғам мүшелерінің назарын ең өзекті мәселелерге аударып, оларды шешуге атсалысып жүрген қоғамда орны бар институтқа айналды.
Азаматтық қоғам деп саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы десекте қателеспейміз. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар да бар.
Мәселен, әлеуметтік- философияда феноменді зерттеудің екі түрлі баптары бар.
Біріншісі азаматтық қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғымға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншісі азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық қарым-қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланыстырады.
Азаматтық қоғам жалпы жалпақ тілмен айтқанда ,адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтамыз.
Қазақстанда азаматтық қоғам дамуы екі кезеңнен өткен болатын. Тоқсаныншы жылдары азаматтық қоғам институттарының алғашқы қарлығаштары - тәуелсіз кәсіп одақ ұйымдары құрыла бастады. Олардың мақсаты - экономиканың үкіметтік емес секторының жұмысшыларының мүддесін қорғау болды. Кейінірек әлеуметтік қорғау коалициясы пайда бола бастады. Бұл коалицияға жиырма сегіз әртүрлі ұйымдар, партиялар, қозғалыстар кірілген болатын.
Азаматтық қоғамың алғашқы қалыптасуындағы маңызды қадамы 1994 жылы Мемлекет басшысының әлеуметтік әріптестік бойынша республикалық үш жақты комиссияның құрылуы туралы шешім қабылдауы болды. 2000 жылдың желтоқсан айында «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» заң қабылданды және ол биліктің, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың мүдделерін келісу мәселелерін мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерді. Міне осылайша , әлеуметтік әріптестік заңнамалық тұрғыда рәсімделді. Азаматтық қоғамның дамуындағы екінші кезеңді 2006 жылдың тамыз айында қабылданған «Қазақстан Республикасында 2006-2011 жылдары Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының» қабылдануымен байланыстыруымызға да болады. Тұжырымдамада 2011 жылға дейінгі азаматтық қоғам институтын дамыту тетіктерінің нақты шаралары ұсынылды.
Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникацияның, қарым-қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам үкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіндік — анархия деп түсіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты қалыптастыратын осы екі бөлік бірін-бірі толықтыра отырып өмір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, төртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар. Азаматтық қоғамның пайда болуын іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі азаматтың пайда болуымен байланыстыратын көзқарастар да жоқ емес. Азамат белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болған іс-әрекет субъектісі. Азаматтық қоғамды осы тұрғыдан түсіндірудің бастамасы антикалық полис феноменімен байланысты.
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
08 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. Саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы.
07 Қазан 2024, Дүйсенбі
Шымкент. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады.
06 Қазан 2024, Жексенбі
Шымкент. Азаматтық қоғамның дамуы — қоғамның демократиялық, әділ және тұрақты дамуының негізгі факторы болып табылады.
05 Қазан 2024, Сенбі
Шымкент. Бүгінгі таңда дамыған азаматтық қоғам кез-келген дамыған мемлекеттің негізі болып саналады
Комментарии (0)