7) Мемлекеттік мүлікті талан-таражға салған шымкенттік шенеунік 8 жылға сотталды
Мемлекеттік мүлікті талан-таражға салған шымкенттік шенеунік 8 жылға сотталды
Шымкентте мемлекеттік мүлікті талан-таражға салған шенеунік 8 жылға сотталды. ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы өз қызметтік лауазымын пайдаланып, ЖШС директоры мен құрылтайшысымен алдын ала сөз байласу арқылы абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттарда материалдардың құнын көтерген. Нәтижесінде 700 млн теңгеге жуық мемлекеттік қаржы жымқырылды. Сондай-ақ, салық төлеуден жалтарған ЖШС басшылары декларацияларға жалған мәліметтер енгізген. Қабылданған шаралар нәтижесінде 194 млн теңгеден астам салық берешегі өтелді. Үш айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылды, бірақ үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






