Халал Түркістан: Ақсақалдар ұсынысы қабыл бола ма
Халал Түркістан: Ақсақалдар ұсынысы қабыл бола ма
Түркістанда арақ-шарап сатуға тыйым салу мәселесі соңғы уақытта көпшіліктің назарында. Бұл бастаманы алғаш рет облыстық ақсақалдар алқасы көтеріп, кейіннен Парламент Мәжілісінде депутат Ардақ Назаров ұсынды. Түркістанды арақсыз қалаға айналдыру идеясын қолдайтындар да, қарсы пікір білдіргендер де бар.
Түркістан облысындағы ішімдікке деген сұраныс өскенін көрсететін бірнеше статистикалық мәліметтер бар. Мысалы, 2024 жылы Түркістан қаласында ішімдікке тәуелді адамдардың саны екі есе артқан, ал аймақтағы психикалық денсаулық орталығында да емделушілер саны көбейген. Сонымен қатар, Түркістан облысында ішімдік ішу себебінен жүргізуші куәлігінен айрылғандар саны жыл сайын мыңға жуықтайды.
Түркістан облысында ішімдікке мүлдем бас тартқан ауылдардың саны да артып келеді. Қазіргі таңда 30-ға жуық ауыл ішімдіксіз өмір сүруді таңдап, осындай өмір салтымен жүріп жатқан ауылдардың қатарына Сайрам ауданындағы 10 ауыл жатады. Бұл ауылдарда дүкендерде арақ-шарап сатылмайды, тойлар халал өтеді, ал қылмыс деңгейі өте төмен.
Түркістанды арақсыз қала жасау идеясының тиімді жақтары ретінде, қоғамда денсаулықты сақтау, қылмыс деңгейін төмендету және халықтың рухани тұрғыдан жетілуін қолдау аталады. Алайда, бұл шешімнің тәуекелдері мен қиыншылықтары да болуы мүмкін. Біріншіден, жергілікті кәсіпкерлер үшін бұл жаңа талаптар олардың бизнесін өзгертуі немесе қиындатуы мүмкін. Екіншіден, бұл өзгеріс қалаға сырттан келетін туристер мен инвестициялар үшін кедергі болуы ықтимал.
Алайда, егер бұл бастама жүзеге асса, Түркістан Қазақстандағы тұңғыш арақсыз қала болар еді, және ол тек өңірлік ғана емес, ұлттық деңгейде де маңызды мәдени және әлеуметтік экспериментке айналуы мүмкін.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкентте қоғамдық орында электронды темекі сатқаны үшін азаматша айыппұл түріндегі жазаға тартылды
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)