3) Түркістан неге арақсыз қала бола алмай отыр – әкімдік жауабы
Түркістан неге арақсыз қала бола алмай отыр – әкімдік жауабы
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түркістан қаласының «Арақсыз ауыл» жобасына қатыспау себептерін түсіндірді. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ардақ Назаров Түркістанды арақсыз қалаға айналдыруға не кедергі болып тұрғанын сұраған болатын.
Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, Түркістан облысында «Ішімдіксіз ауыл» атты жоба іске қосылған, оған қазір 30-дан астам ауыл қатысуда. Түркістан қаласының зиялы қауымы мен ақсақалдары бұл мәселені әртүрлі форматта талқылаған, алайда қала негізінен рухани-мәдени дамуды және туристік бағытты дамыту мақсатында қалыптасқан. Сондықтан бизнес қауымдастығы бұл мәселеге өз көзқарастарын білдіруде. Әкімдік өкілінің пікірінше, егер заң жобасы қабылданса, бұл мәселе де тиісті заң нормалары аясында қарастырылуы керек.
Сонымен қатар, қалаға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасының аясында Қожа Ахмет Иассауи кесенесінен 100 метр радиуста биік ғимарат салуға тыйым салу мәселесі де қарастырылады.
Кенжебаева Гаухар
Кенжебаева Гаухар
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)






